Қызметтік әдеп ережелері – Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген еліміздің мемлекеттік қызметшілері үшін белгіленген нормалар.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі қызметтік этиканың мынадай стандарттарын белгілейді: кішіпейіл болу, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау; мемлекеттің мүдделері мен азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру; заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау; азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытуға, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге, өз әрекеттері мен мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себеп болмауға; іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық ережелерін сақтауға, азаматтардың алдында өздері өкілдері болып табылатын мемлекеттік органдардың қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеу болып табылады.
Әрбір мемлекеттік қызметші өз жұмыс орнында өзінің қызметтік борышын адал атқаруға міндетті, осылайша өз мемлекеттік органының беделінің өсуіне және азаматтарымыздың көз алдында мемлекеттік қызметтің бүкіл жүйесінің оң имиджін арттыруға ықпал етеді.
Осы мәселе бойынша мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде: «...Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде орындайды деп есептейді, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды» делінген.
Бородулиха ауданының әдеп жөніндегі уәкілі А. Кубаева