Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 53-9-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі                            № 53-9-VI «Бородулиха ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бородулиха аудандық мәслихатының «Бородулиха ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 53-9-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7619 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

шешімнің 4-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Пикеттеу өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының                               9-бабының 5-тармағында белгіленген объектілерден кемінде 800 метр қашықтық болып белгіленсін.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                                             С. Урашева

Дата публикации
09 января 2024