Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі Дмитриевка
ауылының көшесін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Абай облысы ономастика комиссиясының 2023 жылғы 28 наурыздағы қорытындысына сәйкес және тұрғындардың қалауын ескере отырып, Дмитриевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Ленина» көшесі «Абай» көшесі болып қайта аталсын.
«Кирова» көшесі «Жібек Жолы» көшесі болып қайта аталсын.
Әкім Қ. Нұрлыбеков