Күннің қатты ысығанынан барлық су айдындарда демалушылардың саны күрт өсуде. Суда демалыңыздар, күштеріңізді және денсаулықтарыңызды нығайтыңыздар, бірақ Есте сақтаңыздар!
Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қаупсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады. Бородулиха ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Орман шаруашылык қызметкерлері және Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Бородулиха ауданы Шульбинск су резервуарының бойында рейдтік жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік ережелері мен жадынамар таратылды және тыйым салынған жерлерде адамдардың шомылуына тыйым салынған туралы ескертілді.
Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, балаларды сауықтандыру лагерлерінің, және демалыс зоналарының басшылары!
Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылаунсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тиым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін.
Бородулиха ауданының ТЖБ