Дала өрттерінен қорғанайық

Жыл сайын ШҚО облысының аумағында дала өртттері мен жану оқиғалары орын алады. Барлық өрттердің 70-80 %-ға жуығы адам әрекетінен шығады.

Дала өрттері мен жанулардың туындау себептерінің көпшілігі жаз кезеңінде тіркеледі. Көкке шыққан адамдардың жаққан оттарын сөндірмей кететіндіктерінен, механизаторлар, малшылардың немесе көлік жүргізушісінің жол жиегіне өшірмей тастай салған темекі тұқылынан өрт шыққан оқиғалар көп. Бұның барлығы да адамзаттың табиғат - Анаға деген немқұрайлы көзқарасынан туындайтындығы сөзсіз. 

Қоршаған ортада орын алған өрттің зияны да ерекше. Біріншіден, ауа ластанса, келесі кезекте өрттің дала өртіне айналу қаупі артады, мал жайылымын, шабындықты құртады. Биолог ғалымдардың айтуынша, өртенген орманның қалпына келуі үшін кемінде 1 ғасыр керек.

Құрметті аудан тұрғындары, Бородулиха ауданы көрікті табиғатымен, жазиралы даласымен ерекшеленіп, көз тартады. Жер жанатына саналатын өңірімізді  өрттен қорғап,  отқа абайлық танытуларыңызды сұраймыз.

БОРОДУЛИХА АУДАНЫНЫҢ ТЖБ

Сбережемся от степного пожара
Дата публикации
30 июня 2020