2022 жылы Бородулиха ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен 2069 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетіледі («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) -819 мемлекеттік қызмет.
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге («Еңбек нарығы» АЖ, «Е-халық» АЖ) қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда ұсынылады (басқалары: «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz , www.elicense.kz) - 908 мемлекеттік қызмет.- «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде көрсетілген – 342 мемлекеттік қызмет.
Халыққа өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметті алуының қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы белсенді жұмыс істейді, барлық қажетті ұйымдастыру жабдықтарымен жабдықталған, қолжетімді аумақта Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері көрсетілген тақырыптық стенд орналастырылған.
Бақылау іс-шараларын жүргізу.
2022 жылы Жұмыспен қамту орталығында бақылау шаралары болған жоқ. Жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары туралы ақпараттандыру мақсатында Instagram, WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, БАҚ-та да мақалалар жариялануда.
Жұмыспен қамту орталығы
директорының м.а. Ж.Құрманбаева