2023 жылғы 12 ақпанда Абай облысы Бородулиха ауданы бойынша Бельагаш ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының Бельагаш ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Бельагаш сайлау округі Бельагаш ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Бельагаш сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1497 сайлаушлар енгізілді, оның ішінде 836 дауыс берді.:
Бельагаш ауылдық округінің әкімі болып Максут Мубаракұлы Губдуллин сайланды. 1985 жылы туған, Бородулиха ауданының жүмыспен қамту әлеуметтік бағдарламар бөлімі және АХАТ» ММ-бас маман,Абай облысы Бородулиха ауданы, Бельагаш ауылдық округінің, Бельагаш ауылында тұрады, «AMANAT» саяси партиясымен ұсынылған.
Бородулиха аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45 – бабына сәйкес 2023 жылғы 12 ақпанда шешімімен 2023 жылғы 12 ақпанда сайланған Бородулиха ауданы Бельагаш ауылдық округінің әкімі болып – Максут Мубаракұлы Губдуллин тіркелді.
Бородулиха аумақтық сайлау комиссиясы