Абай облысы Бородулиха ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімі ШЕШТІ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Абай облысы Бородулиха ауданы бойынша сайлау учаскелері құрылсын.
- Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің 2018 жылғы 8 қарашадағы «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 15 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-180 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Бородулих ауданының әкімі
|
|
А. Нургожин
|