Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекараларын айқындау туралы

Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекараларын айқындау туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 2-2) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына және 22-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

 Н. Әбдіров

Хатшы

М. Ерман

 

 

 

 

Астана қаласы, 

2022 жылғы 24 желтоқсан 

№ 130/625

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 130/625 қаулысынақосымша

 

 

Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары

 

Астана қаласы (2)

 

  • №1 сайлау округі

 (орталығы – Астана қ.)

         «Алматы», «Байқоңыр» аудандарының шекараларында

 

  • №2 сайлау округі

 (орталығы – Астана қ.)

 «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының шекараларында

 

Алматы қаласы (3)

 

  • №3 сайлау округі

 (орталығы – Алматы қ.)

       Алатау, Әуезов аудандарының шекараларында

 

  • №4 сайлау округі

 (орталығы – Алматы қ.)

       Алмалы, Жетісу, Түрксіб аудандарының шекараларында

 

 

  • №5 сайлау округі

 (орталығы – Алматы қ.)

       Бостандық, Медеу, Наурызбай аудандарының шекараларында

 

Шымкент қаласы (2)

 

  • №6 сайлау округі

 (орталығы – Шымкент қ.)

         Абай ауданы, Тұран ауданы, Әл-Фараби ауданы шекараларында  

         Мәделі қожа көшесінен Ж.Адырбеков көшесінің тақ жағымен Тәуке хан даңғылына дейін, одан әрі Тәуке хан даңғылының тақ жағымен Республика даңғылына  дейін

 

  • №7 сайлау округі

  (орталығы – Шымкент қ.)

  Еңбекші, Қаратау аудандары, Әл-Фараби ауданы шекараларында

Жәнібеков көшесінен Бәйтереков көшесінің жұп жағымен Ж.Адырбеков көшесіне дейін, одан әрі Ж. Адырбеков көшесінің жұп жағымен Тәуке хан даңғылына дейін, одан әрі Тәуке хан даңғылының жұп жағымен Республика даңғылына дейін

Абай облысы (1)  

 

  • № 8 сайлау округі

        (орталығы – Семей қ.)

        Абай облысының шекараларында

 

Ақмола облысы (1)  

 

  • №9 сайлау округі

  (орталығы – Көкшетау қ.)

        Ақмола облысының шекараларында

 

Ақтөбе облысы (1)  

 

  • №10 сайлау округі

  (орталығы – Ақтөбе қ.)

          Ақтөбе облысының шекараларында

 

Алматы облысы (2)  

 

  • №11 сайлау округі

        (орталығы – Қонаев қ.)

        Қонаев қ., Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр

        аудандары шекараларында

 

  • №12 сайлау округі

  (орталығы - Қарасай ауданының Қаскелен қаласы)

  Балқаш, Іле, Жамбыл, Қарасай аудандарының шекараларында

 

Атырау облысы (1)  

 

  • №13 сайлау округі

  (орталығы – Атырау қ.)

  Атырау облысының шекараларында

 

Батыс Қазақстан облысы (1)  

 

  • №14 сайлау округі

  (орталығы – Орал қ.)

  Батыс Қазақстан облысының шекараларында

 

Жамбыл облысы (2)  

 

  • №15 сайлау округі

  (орталығы – Тараз қ.)

  Тараз қ., Жамбыл, Жуалы, Талас аудандарының шекараларында

 

 

  • №16 сайлау округі

  (орталығы – Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылы)

  Мойынқұм, Сарысу, Байзақ, Т. Рысқұлов, Меркі, Шу, Қордай

  аудандарының шекараларында

Жетісу облысы (1)  

 

  • №17 сайлау округі

                  (орталығы – Талдықорған қ.)

                  Жетісу облысының шекараларында

 

Қарағанды облысы (2)  

 

  • №18 сайлау округі

        (орталығы – Қарағанды қ.)

        Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау ауданы шекараларында

 

  • №19 сайлау округі

  (орталығы –Теміртау қ.)

        Теміртау, Балқаш, Приозерск, Саран, Шахтинск қалаларының,

        Абай, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет аудандарының шекараларында

 

Қостанай облысы (1)  

 

  • №20 сайлау округі

         (орталығы – Қостанай қ.),

         Қостанай облысының шекараларында

 

Қызылорда облысы (1)  

 

  • №21 сайлау округі

         (орталығы – Қызылорда қ.)

         Қызылорда облысының шекараларында

 

Маңғыстау облысы (1)  

 

  • №22 сайлау округі

         (орталығы – Ақтау қ.)

         Маңғыстау облысының шекараларында

 

Павлодар облысы (1)  

 

  • №23 сайлау округі

          (орталығы – Павлодар қ.)

          Павлодар облысының шекараларында

 

Солтүстік Қазақстан облысы (1)  

 

  • №24 сайлау округі

          (орталығы – Петропавл қ.)

          Солтүстік Қазақстан облысының шекараларында

 

 

 

 

Түркістан облысы (3)

  

  • № 25 сайлау округі

    (орталығы – Түркістан қ.)

    Арыс қаласы, Отырар, Сауран, Ордабасы, Шардара аудандарының

    шекараларында

 

 

  • № 26 сайлау округі

    (орталығы –Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы)

        Кентау қаласы, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Төлеби аудандарының   шекараларында

 

  • № 27 сайлау округі

    (орталығы – Сарыағаш ауданы Сарыағаш қ.)

    Келес, Қазығұрт, Мақтаарал Жетісай аудандарының шекараларында

 

 

Ұлытау облысы (1)  

 

  • №28 сайлау округі

          (орталығы – Жезқазған қ.)

          Ұлытау облысының шекарасында

 

 Шығыс Қазақстан облысы (1)  

 

  • № 29 сайлау округі

          (орталығы – Өскемен қ.)

          Шығыс Қазақстан облысының шекараларында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекараларын айқындау туралы
Дата публикации
24 января 2023