1. Ауылдық округтің әкімін сайлауды тағайындау
Аудандық сайлау комиссиясы /4 қаңтар 2023 ж. / (113-1-б.2,3-т.)
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей /2023 жылдың 14 қаңтарынан кешіктірмей/ (22-б.)
3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей /2023 жылдың 14 қаңтарынан кешіктірмей/ (13-б. 4-т.)
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей /2023 жылдың 19 қаңтарынан кешіктірмей/ (17-б. 2-т.)