2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Подборный ауылдық округінің бюджеті туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының

2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 13-17-VII шешімі

 

 

 

 

 

 

 

2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Подборный ауылдық округінің бюджеті туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Подборный ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1,2,3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 32636мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 3098 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 44мың теңге;

трансферттер түсімі – 29494 мың теңге;

2) шығындар – 32636 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге.

  1. 2022 жылға арналған Подборный ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның көлемі 16156 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2022 жылға арналған Подборный ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен 575 мың теңге сомасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
  3. 2022 жылға арналған Подборный ауылдық округінің бюджетіндеаудандық бюджеттен 12763 мың теңге сомасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
  4. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                                  У. Майжанов

Дата публикации
18 марта 2022