Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

ЖОБА

 

 

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2022 жылғы 6 мамырдағы № 324 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Бородулиха ауылдық округінің Бородулиха ауылы, Лесная көшесіндегі №1 үйден №40 үйге дейінгі, Федор Середина көшесіндегі №67 үйден №100 үйге дейінгі, Тәуелсіздік көшесіндегі №96 үйден №187 үйге дейінгі, Бірлік көшесіндегі №136 үйден №225 үйге дейінгі, Тусубжанов көшесінегі №81 үйден №194 үйге дейінгі, Пионерская көшесіндегі №33а үйден №139 үйге дейінгі, Южный шағын ауданы бойынша № 29 үйден №55 үйге дейінгі үйлерде, Подстанция көшесі және КСХТ көшесі бойынша үйлердегі ірі қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауруына қарсы ошақты жою және ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу үшін шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Бородулиха ауылдық округінің әкімі                                          Б. Садықова

Дата публикации
13 мая 2022