«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қорытындысы бойынша
талдамалық анықтама
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 25 қазанынан бастап 2021 жылдың 29 қазанына дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Аудан әкімінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 114 - і өкімімен жұмыс тобы құрылды. Құрылған жұмыс тобымен келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүзеге асырылады:
- нормативтік құқықтық актілердегі бөлімшенің қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ өзінің жұмысын Конституция, Қазақстан Республикасы Заңдарына, Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы әкімдік өзінің жұмысында басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік құқықтық актілер, құқықтық актілер зерделеді.
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережелерін зерделеу барысында аудан әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді (регламенттер, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар) өкілеттілігіне нұқсан келтіретін және жемқорлық жасауға әкеліп соғатын нормалар анықталған жоқ.
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауы кезінде келесі бағыттар анықталды:
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 25 қазанына штат бойынша мемлекеттік қызметшілердің саны – 26 бірлік, нақты жұмысшылар саны – 20 бірлік, бос жұмыс орындары -6, өз еріктері бойынша жұмыстан босатылғандар – 0, теріс қылық бойынша жұмыстан босатылған – жоқ. Тәртіптік жауапкершілікке 4 мемлекеттік қызметші тартылды, мерзімінен бұрын алынғандар – 0.
Аудан аппаратының барлық қызметкерлері өздерінің лауазымдарының біліктілік талаптарына сай.
Мемлекеттік лауазымдағы тұлғаның жеке қызығушылықтары олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіліктерін жеткіліксіз орындауларына әкеліп соғатын жеке қызығушылықтар арасындағы келіспеушіліктер жоқ. Тексерілген кезеңде жемқорлық деректері жоқ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылғандар жоқ.
Мемлекеттік қызметке түскен тұлғалар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен бекітілген талаптарға сай.
Мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік және еңбек тәртібі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары сақталады.
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ, бақылау функциялары қарастырылмаған, мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
Зерттеу кезеңіндегі өтініштерді талдау сыбайлас жемқорлық тақырыбына қатысты өтініштердің жоқ екенін көрсетеді. Негізінен өтініштер жерді пайдалану, тұрғын үйді жекешелендіру, тұрғын үй алаңын кеңейту мәселелеріне қатысты. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ЭҚАБЖ жүйесінде тіркеледі, тікелей жазбаша жүгінген тұлғаларға бірегей нөмірі бар талон беріледі. Бекітілген кестеге сәйкес аудан басшылығы тұрақты негізде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қазіргі уақытта азаматтарды қабылдау онлайн форматта жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағымсыз жарияланымдардың мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі. Зерттелетін кезеңде аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің атына жағымсыз материалдар мен пікірлер анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, қызметтік әдеп пен мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзуға қатысты шағымдар, сондай-ақ мемлекеттік органға, мемлекеттік қызметшілерге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда теріс жарияланымдар жоқ.
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде тексерілген кезеңде 276 сатып алу өткізілді, оның ішінде: ашық конкурс тәсілімен – 1, баға ұсыныстарының өтінімі арқылы – 73, бір көзден-109, жасалынбаған сатып алу бойынша бір көзден – 75, тауар биржалары - 18.
Көрсетілген кезеңде сала бойынша қаржы бақылау инспекциясынан камералық бақылау нәтижесінде (мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды таңдаумен байланысты бұзушылықтар) бұзушылықтарды жою туралы хабарландыру түскен жоқ.
«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында ШҚО Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарда құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру және өткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының нормаларын, аудан әкімі аппаратының функционалдық қызметіне жататын заңдарды түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға қатысу, аудан әкімі аппаратының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағымсыз материалдарға реакция мониторингі, аудан әкімі аппаратының қызметі туралы ақпаратты аудан әкімінің сайтында уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы айдарларды жаңарту бойынша іс-шаралар көзделген.
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін бағалауда жұмыс тобымен тексерілген кезеңде сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері жоқ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылған фактілер жоқ екендігі анықталды.
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың елеулі көлемі кадр жұмысы желісі бойынша іске асырылды:
Кірістер, мүлік туралы толық және сенімді мәліметтерді уақтылы ұсыну бойынша жұмыс ұйымдастырылды және жүргізілді;
Қызметшілердің сыйлықтар алуға қатысты, оның ішінде қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар беруге теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған шектеулерді сақтауы бойынша ұйымдастырушылық, түсіндіру және өзге де шаралар кешені жүзеге асырылды;
Мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысының туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және болдырмау бойынша шаралар қабылданды.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде жұмыс тобы «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген қорытындыға келді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды насихаттау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуді ұсынады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алмауы бойынша ұсыныстар:
- персоналды басқару (кадр қызметі) қызметі уәкілетті құрылымдарды тарта отырып, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы түсіндіру бойынша семинарлар жүргізсін;
- мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысының туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және болдырмау жөніндегі іс-шараларды тұрақты негізде жүргізсін.
-заң бөлімі құқықтық жалпы оқыту жөніндегі жұмысты жалғастырсын.
- нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізсін;
- әкім аппараты және аудан әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің сараптамасын жүргізсін.