«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 7 шілдесінен бастап 2021 жылдың 9 шілдесіне дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді (тексерілген кезең 2021 жылдың мамыр, маусым айлары).