Бородулиха ауданы 1944 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы-Бородулиха ауылы. Аудан Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде орналасқан. Аудан орталығы облыс орталығынан Өскемен қаласынан 200 км қашықтықта орналасқан, жақын темір жолға дейінгі қашықтық-25 км. Аудан аумағының жалпы ауданы – 698,9 мың га, оның ішінде орман қорының жерлері – 11,0 мың га, су қорының жерлері - 10,4 мың га. Бородулиха ауданы солтүстіктен Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, шығыстан – Шемонаиха ауданымен, батыстан - Бесқарағай ауданымен, оңтүстіктен - Семей қаласынан шектеседі. Аудан аумағында темір жол және Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары өтеді. Ауданда 49 елді мекен, 18 ауылдық округ бар.
2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халық саны– 34,992 мың адам. Экономиканың базалық саласы ауыл шаруашылығы, тамақ, өңдеу және тау-кен өнеркәсібі болып табылады.