2025 жылдың екінші жартыжылдығында және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелерін жария талқылаудың
хаттамасы
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығының 2-тармағына сәйкес. Бородулиха ауданының мемлекеттік мекемелерінде 2026 жылғы 01 шілдеден бастап 2026 жылғы 31 шілдеге дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
1) объектінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) объектінің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қарау қорытындысы бойынша ұсынылды:
- нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу;
- аудан әкімі аппараты мен әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу.
Аппарат басшысының м.а. В. Примак