Мемлекеттік қызметшінің ант қабылдауы

Мемлекеттік қызметшінің ант қабылдауы

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің мемлекеттік қызметшілері сынақ мерзімін сәтті аяқтап, әкімшілік мемлекеттік қызметке алғаш рет келген мемлекеттік қызметшілердің - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы А.Қ. Сүлейменова, жер қатынастары бөлімінің бас маманы А. А. Биберт ант қабылдау рәсіміне қатысты.

Ант беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңды міндеттеме ғана емес. Бұл – Қазақстан халқының алдындағы үлкен жауапкершілікті және қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіретін ырым.

Басшылық пен әріптестерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады. Ант қабылдау кезінде жиналғандар құттықтаулары мен ізгі тілектерін білдірді.

публикация присяга
Дата публикации
28 мая 2026