ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» N 405 Заңын түсіндіру мақсатында Зубаир округінде ауылдық әкімдіктің маманы Зубаир ауылдық округінің фельдшерімен бірлесіп халық арасында аулаларды аралады. Іс-шара барысында медициналық сақтандыру қажеттілігі туралы түсініктемелер беріліп, ескертулер берілді.