Зубаир орта мектебінің 1-сынып оқушылары “Жас ұлан” ұйымына салтанатты түрде қабылданды.
Жиынды мектеп тәлiмгерi А. Е. Мендекеева ашты.Іс-шара барысында оқушылар ант мәтінін айтып, ұйымның мүшесі атанды.
10-11 сынып оқушылары Нұржан Нұрали, Мендекеева Назар, Рымбекова Гүлiм құттықтап төсбелгi тақты.
Мектеп директоры Гульжан Елеухановна “Жас ұлан” қатарын толықтырған оқушыларды құттықтай отырып, білім жолында табыс, алдағы белестерінде жетістік тіледi.
1- сынып оқушыларының құрметiне “Жас ұлан” ұйымының гимнi орындалды.