Зубаир орта мектебінің
2024-2025 жылғы оқу жылының қорытындылары
Зубаир орта мектебінің оқушылары Башірханова Сезім мен Тукешова Ақнұр Шығармашылық үйінің ұйымдастыруымен аудандық "Күзгі этюд-2024" сурет байқауына қатысып марапатталды.
2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобаларының мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңінде этномәдениеттану секциясы бойынша 2 - сынып оқушысы Бағдатова Ажар 2 орын, жетекшiсi Тулеуканова А. Ж; тарих, өлкетану секциясы бойынша 6 - сынып оқушысы Бәшiрханова Сезiм, 2 орын , жетекшiсi Сулейменов С. Б; биология секциясы бойынша 7сынып оқушысы Мұратова Адина 3 орын иеленді, жетекшiсi Асылханқызы А.
- Абай облысының білім баскармасының «Дарындылықпен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми - әдістемелік «Дарын» орталығы» ұйымдастыруымен 8-11 (12) сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының аудандық кезеңінде 10 сынып оқушысы Мендекеева Назар “Көркемсөз оқу” номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еженхан Т.Р.
- 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңіне қатысып, 11- сынып оқушысы Хисамутдинова Балжан, ағылшын тiлi пәнiнен 3 орын иеленді. Жетекшiсi ағылшын пәнінің мұғалімі Ахметов Е. М
- 2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының облыстық кезеңінде этномәдениеттану секциясы бойынша 2 - сынып оқушысы Бағдатова Ажар 3 орын иеленді. Жетекшiсi : Тулеуканова А. Ж
- 8 сынып оқушысы Махметов Ернұр "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысы бойынша оқушылар арасында шахматтан аудандық турнирінде 3 орын иеленді. Пән мұғалімі Терлікбаев Е. М.
- 5-6 сыныптар арасында Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Мұхаметгалиев Алимжан 3 орынды иеленді. Пән мұғалімі Ерубаева Гульжан Елеухановна.
- 2024 жылғы 7 желтоқсанда Семей қаласында Шахмат керуенінің финалы өтті. Бородулиха ауданының атынан аудандық іріктеу кезеңінің 5 жүлдегерінен құралған команда қатысты, олардың ішінде:8 сынып оқушысы
— Махметов Ернұр қатысты. Бородулиха ауданының командасы 1-орын алып, 150 000 теңге көлемінде жүлдеге ие болды!
- 7-8 сыныптар арасында өткен Республикалық жасөспірімдер арасындасындағы олимпиаданың аудандық кезеңінде химия пәнінен 7 сынып оқушысы Муратова Адина 2 орынға ие болды. Жетекшісі Асылханқызы Аружан.
- 9-11 сынып оқушылары арасында пневматикалық мылтықтан оқ атудан аудандық жарысында «Зубаир орта мектебі» КММ командасы 1 орын иеленді, Жетекшісі АӘД пәнінің мұғалімі Дуйсегельдин А,Ж
- 9-11 сынып оқушылары арасында пневматикалық мылтықтан оқ атудан аудандық жарысында «Зубаир орта мектебі» КММ 11 сынып оқушысы, мерген қызымыз Тукешова Аружан 1 орын иеленді, Жетекшісі АӘД пәнінің мұғалімі Дуйсегельдин А,Ж
- 2025 жылдың 27 қаңтарында Бородулиха ауданында 8-11 сынып оқушылары арасында «Ілияс Жансүгіров оқулары» аудандық кезеңі өтті.
«Ілияс-қарасөз шебері»-көркемсөз оқу номинациясында мектебіміздің 10 сынып оқушысы Медекеева Назар 1 орынды жеңіп алды.
- Жарқын болашақ” республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде “Жас қаламгер” бағыты бойынша мектебіміздің .7 сынып оқушысы Муратова Адина 2- орынды жеңіп алды, Пән мұғалімі Еженхан Талант Рауанұлы.
- Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының “Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей қаласы бойынша №1 облыстық бокстан 36 келі салмақ дәрежесінде III орын алған Махметов Ернұр марапатталды.
- Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының аудандық кезеңінде “Айтып өткен ақында арман бар ма?” бағытына қатысқаны үшін мектебіміздің 7 сынып оқушысы Мұратова Адина марапатталды.
- Жалпы орта білім беретін метеп оқушылары арасында Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының аудандық кезеңінде “Көкейімде ән сәулесі маздайды” бағытына мектебіміздің 8 сынып оқушысы Махметов Ернұр 3 орынды иеленді.
- 3,4 сынып оқушыларына арналған "Бастау" республикалық математикалық турнир-олимпиадасының аудандық кезеңінде 3-сынып оқушысы Мухаметгалиева Анель, 3 орын иеленді. Жетекшісі Тулеуканова А.Ж
- 10 сәуірінде 3-4 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадада орыс тілі пәнінен үздік нәтиже көрсетiп 2 орынды Бәшірханов Сұлтан иеленді жетекшісіКурганбаева Данара Сержанова
- Бородулиха ауданы мектептері арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша өткен «Айбын» аудандық әскери-патриоттық жастар жиынында пневматикалық мылтықпен ату сайысынан I орын алғаны үшін 11 сынып оқушысы Тукешова Аружан марапатталды Жетекшісі Дуйсегельдин А.Ж
- Мектебімізде "Айналайын" балалар фестивалі жоғары деңгейде өтті. Фестиваль аясында барлығы 13 концерттік номер көрсетілді. Оқушылар өздерінің өнерлерін паш етіп, шығармашылық қабілеттерін танытты. Қазылар алқасының шешімімен аудандық кезеңге 5 үздік номер іріктеліп алынды. Олар 1 маусым күні мектебіміздің атынан аудандық сайыста өнер көрсететін болады.
- Армрестлингтен жасөспірімдер арасында Семей қаласының ашық чемпионатында 65 салмақ дәрежесі бойынша 1 орын алғаны үшін Мурсалимов Алинур марапатталды. Жетекшісі Терлікбаев Ержан Маратбекұлы
- 18 сәуір күні облыстық білім саласы ардагерлері арасында "Талантты ардагер – талапты жас ұстаз" атты дәстүрлі фестиваль өтті. Жас ұстаз Еженхан Талант Рауанұлы Дипломмен марапатталды. Зубаир орта мектебінен ардагер ұстаздары Айдарғалиева Әсима .Рахметтолақызы мен , Садықова Мухлиса Нафиховна Патриоттық әндерді орындау бойынша жүлделі III орын алып, ақшалай сыйлыққа ие болды.
- Аудан өнерпаздары мен спортшыларын ұйымдастырып, жоғары нәтиже көрсетуге бағыттаған аудандық ардагерлер Кеңесінің төрайымы Тютенова Р.Ж облыстық білім басқармасының және инновациялық орталық директорының Алғыс хаттарына ие болды.
- Көрнекті жазушы, тарихшы, этнограф, фольклоршы Зейнолла Сәніктің 90 жылдық мерейтойына арналған “Сөз ғұмыр” республикалық сайысында жүлделі ІІ орынды мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Еженхан Талант Рауанұлы иеленіп 150 мың көлеміндегі сый ақыға ие болды.