2025 жылғы 5 айда ауылдық округ тұрғындарына жергілікті атқарушы органдармен 50 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
-электрондық форматта «Электрондық үкімет» веб-порталы (өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы) арқылы 50 Мемлекеттік қызмет көрсетілді;
Халыққа өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қолжетімділігі қамтамасыз етілген. Барлық қажетті ұйымдастыру техникасымен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы белсенді жұмыс істейді, қолжетімді аймақта мемлекеттік қызмет көрсету ережелері жазылған тақырыптық стенд орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы алуын жеңілдету үшін жауапты маман бекітілді. Мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мамандар этикалық нормаларды сақтау нормаларымен танысты, аудандық әкімдікте мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өткізілетін барлық семинарлар мен құқықтық оқуларға қатысады.
Азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру, қандай да бір мемлекеттік қызмет шеңберінде неғұрлым сапалы, қосымша, қолжетімді ақпарат беру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 2025 жылдың 2-тоқсанында арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, халық арасында Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібін түсіндіру бойынша онлайн эфир өткізіледі
Ауылдық округте мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар жалғасуда және тұрақты негізде жүргізілуде.