Мектеп –білім ордасы.Жарты ғасырдан артық,тарихы бар Зубаир орта мектебі 1973-жылы өзінің алғашқы шәкірттерін қабылдады.Талай түлекті мектеп қабырғасынан ұшырды.Ғылымның қыр-сырын меңгеріп, бойындағы бар білімін оқушыларына сіңірген,шәкірттерін тәрбиелеп шаршамай -талмай 14 ұстаз қызмет етеді. Заманауи оқу кабинеттері, талапқа сай жабдықталған.
Мектепте 34 оқушы бар.Оқушылардың бос уақытын мазмұнды ,мәнді, пайдалы өткізуге көңіл бөлінеді. «Бояулар сыры», «Би», «Тоғызқұмалақ» , «Үстел тенисі», «Дойбы» үйірмелері жұмыс жасайды.Оқушылар тәрбиесіне ата-аналар шет қалмай,өз үлестерін қосады. «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі» жоспарлы түрде тәрбие жұмысын жүргізеді.Атап айтқанда аталардың өсиет сөздері,әжелердің танымдық әңгіме, ойын жұмбақ ұлттық салт-дәстүрлерді оқушылардың бойына қалыптастыру мақсатында дөңгелек стол, кездесу,спорттық сайыстар,саяхаттар ұйымдастырып тұрады.
2019 –жылы мектепте «Өлкетану» мұражайы ашылды. 2020-жылы көпбалалы және нашар қамтылған отбасы балалары ,яғни 20 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
2021-жылы мектепте жылы дәретхана іске қосылды. 2022-жылы мектеп жылу қазандығы күрделі жөндеуден өтті.
2023-жылы балалар алаңқайы жасалды. 2023-жылы 3 эксплутациялық 3 есік және кіре беріске пластик есік қойылды.
2024-жылы жоспарда мектеп шатырын ауыстыру жоспарға қойылған. 2024-жылы көпбалалы отбасынан 8 оқушы ,және бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Ауылымыздың көркі,білімнің шамшырағы , алтын ұя мектебіміз әлі талай шәкірт жүрегіне жол тауып, білім нәрімен сусындатып ұшырады.