2025-2027 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Зубаир ауылдық округінің бюджеті туралы

2025-2027 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Зубаир ауылдық округінің бюджеті туралы

 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының                          2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және Бородулиха аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2025-2027 жылдарға арналған Зубаир ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 56989 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 12196 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 44793 мың теңге;

2) шығындар – 56989 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге.

2. 2025 жылға арналған Зубаир ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның көлемі 16367 мың теңге сомасында ескерілсін.

3. 2025 жылға арналған Зубаир ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен 28242 мың теңге соммасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.

4. 2025 жылға арналған Зубаир ауылдық округ бюджетіне облыстық бюджеттен 184 мың теңге соммасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.

5. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихатының төрағасы                                           С.Т.Урашева

Дата публикации
08 февраля 2025