Шүлбі су қоймасының солтүстік жағалауында барлық стандарттар бойынша толық жабдықталған "Нұрсұлтан" демалыс базасы орналасқан. Демалыс үйлері, құтқару қайықтары, ескерту белгілері бар, штабта құтқарушылар бар, сондай-ақ округ аумағында "Жанай", "Адал-Compani"демалыс базалары бар. "Жерновка орта мектебі" КММ және "Боровлянка негізгі орта мектебі" КММ жанынан балалар спортпен шұғылдануға мүмкіндігі бар спорт залдары бар. 2024 жылы Жерновка ауылында хоккей корты бар футбол алаңын орнату жоспарлануда.