2025 жылғы 25-28 қараша аралығында Баку қаласында тәжірибе алмасу бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) және Әзербайжан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Мемлекеттік әлеуметтік қорғау қоры (МӘҚҚ) делегацияларының ресми кездесуі өтті.
Бағдарлама аясында екі елдің әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінің таныстырылымдары, цифрлық сервистер мен әкімшілендіру тетіктерін талқылау өтті. БЖЗҚ тарапынан Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, демографияға, зейнетақы қызметтерін цифрландыруға шолу, Қазақстанның халықаралық зейнетақы рейтингтеріндегі ұстанымы ұсынылды.
БЖЗҚ еліміз үшін әлеуметтік маңызы бар "Ұлттық қор – балаларға" жобасы туралы ақпаратпен де бөлісті, бұл жерде БЖЗҚ – нысаналы талаптарды, активтерді, жинақтарды есепке алып, нысаналы жинақтар төлемін жүзеге асырушы оператор.
Азаматтардың барлық қызметтерді қашықтан алуына мүмкіндік беретін зейнетақы қызметтерін цифрландырудағы қазақстандық тәжірибе Әзербайжан тарапының ерекше қызығушылығын тудырды. БЖЗҚ-ның цифрлық сервистері екі елдің зейнетақы қорлары салымшыларына қызмет көрсету деңгейін арттыру және автоматтандырудың заманауи шешімдері бойынша тәжірибе алмасуға негіз болды.
Делегациялар сондай-ақ МӘҚҚ-ның әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі орталық филиалында, сондай-ақ тұрақты және жедел әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі агенттікте (DOST) және DOST инклюзивті даму орталығында болып, Әзербайжанның мемлекеттік әлеуметтік қызметтер көрсету және азаматтардың әртүрлі санаттарын қолдау жөніндегі инновациялық шешімдерімен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар зейнетақы заңнамасының өзгерістері мен жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпарат алмасу, зейнетақы жүйесіндегі цифрлық технологиялар саласында тәжірибе бөлісу, сараптамалық деңгейдегі бірлескен зерттеулерді қоса алғанда, кең ауқымды бағыттар бойынша зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және кәсіби өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға да қол қойды.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Назар аударыңыз!
Әлеуметтік қызметтер порталы (https://aleumet.egov.kz/) - мүгедектігі бар адамдарға оңалту құралдары мен қызметтерін тікелей жеткізушілерден өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беретін әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі.
Порталдың ыңғайлылығы мынада: порталда мүгедектігі бар адамға тағайындалған оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерге қашықтан тапсырыс беруге болады. Алайда, соңғы уақытта жосықсыз жеткізушілер белгіленген ережелерді бұза отырып немесе алаяқтық тәсілмен Аleumet порталы арқылы тапсырыстарды рәсімдейтін жағдайлар жиілеп кетті.
Барлық пайдаланушыларды мұқият болуға және тапсырыстарды рәсімдеу кезінде сақ болуға шақырамыз!
Егер сіз соқтығыссаңыз:
*жеткізушілердіңкүдіктіәрекеттері
*негізсізталаптар
*тапсырыстыорындаудан бас тарту
* немесе алаяқтық белгілері
Сіз:
Абай облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту бөлімі, телефон арқылы 8/723-51/2-14-03:
Абай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 8 (7222) 36-01-72 нөмірі бойынша жүгіне аласыз.
Әлеуметтік қызметтер порталымен жұмыс істеу кезінде өз құқықтарыңызды қорғаңыз және қырағы болыңыз.
eGov Mobile мобильді қосымшасында кәмелет жасына толған азаматтарға қамқоршылық жасайтын тұлғалар туралы мәліметтері бар цифрлық құжат қолжетімді болды. Бұл құжат «Е-Собес» ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде жасалады, онда тіркелген барлық қамқоршылар, қорғаншылар және олардың қамқорлығындағы азаматтар туралы мәліметтер сақталады.
Құжатта келесі деректер қамтылған: қамқоршының ЖСН мен ТАӘ, туған күні, сондай-ақ қамқорлығындағы азаматтың ЖСН мен ТАӘ, туған күні, қамқоршыны тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, сонымен қатар «Жарамды күні» туралы ақпарат бар. Құжаттың түпнұсқалығын растау үшін QR-код қарастырылған: оны сканерлеген кезде бір тәулік бойы жарамды цифрлық нұсқасы ашылады.
Құжат «Цифрлық құжаттар» бөлімінде «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басқаннан кейін, заңды өкіл мәртебесі расталған қолданушыларда автоматты түрде пайда болады.
Қамқоршы мәртебесін ресми түрде растау қажет болатын жағдайларда – мемлекеттік төлемдерді алу, банкке, медициналық мекемелерге және басқа ұйымдарға жүгіну кезінде – бұйрықтың электрондық нұсқасы қажет болуы мүмкін.
Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:
Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.
Қамқоршылар мен қорғаншылар енді қамқорлығындағы азаматтардың мүлкі мен әлеуметтік төлемдерін басқаруға рұқсат алу қызметін тек eGov.kz порталынан ғана емес, eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да пайдалана алады.
Қызмет сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі әрекетке қабілетті деп танылған кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдеріне арналған. Ол тегін көрсетіледі және зейнетақы мен жәрдемақыны алу, мүлікті сату сияқты түрлі әрекеттер үшін рұқсат рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияның арқасында өтінішті толтыру кезінде кейбір деректер автоматты түрде жүктеледі. Бұл өтініш беру үдерісін жеңілдетіп, қателік жасау ықтималдығын төмендетеді.
Қызметті пайдалану үшін:
Өтініш қаралғаннан кейін жеке кабинеттегі «Қызметті көрсету тарихы» бөлімінде электрондық түрде бұйрық немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі. Шешім бес жұмыс күні ішінде беріледі.
Қызмет eGov.kz порталында да қолжетімді. Іске қосылған сәттен бастап бұл қызметті 460-тан астам рет пайдаланды.
Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында іске қосылды.
1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Қазақстанда медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны өтеді. Осы кезеңде азаматтар өз поликлиникасын ауыстыруға мүмкіндік алады. Бұл рәсімді толықтай онлайн режимде – eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы, медициналық ұйымға бармай-ақ орындауға болады.
Қызмет поликлиникаға тіркеліп, учаскелік дәрігерді таңдауға мүмкіндік береді. Таңдалған дәрігерге сәйкес медициналық қызмет көрсету аумағы жүйеде автоматты түрде көрсетіледі. Науқан қорытындылары келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Алдыңғы ұйымнан тіркеуден шығару жаңа өтінім расталғаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады.
Науқаннан тыс уақытта да поликлиниканы ауыстыруға болады. Бұл басқа елді мекенге қоныс аударғанда, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырғанда, сондай-ақ поликлиника қайта ұйымдастырылған немесе жабылған жағдайда мүмкін. Мұндай жағдайда қызметті жылына бір рет қолдануға болады.
Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін:
Қызметті eGov Mobile қосымшасында пайдалану үшін:
Қызметтің жоғары сұранысқа ие екенін статистика да дәлелдейді. 2024 жылы тіркелу қызметін 3,6 млн-нан астам рет пайдаланды: олардың 2 905 013-і eGov.kz порталында, 722 198-і eGov Mobile қосымшасында рәсімделді. 2025 жылы (шілде айына дейін) портал арқылы 1 135 628, ал мобильді қосымша арқылы 1 046 354 өтінім қабылданды.
Әдеттегідей ең жоғары белсенділік науқан кезеңінде байқалады. Мәселен, 2024 жылы қыркүйекте – 495 мың, қазанда – 502 мың, қарашада – 159 мың өтінім тіркелген.
Еске саламыз, қызмет арқылы кәмелетке толмаған балаларды және 18 жастан асқан әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарды олардың қамқоршылары онлайн түрде поликлиникаға тіркей алады.
Жаңарту ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өзара ынтымақтастығының аясында жүзеге асырылды.
Бородулихмный ауданында аудан әкімінің басында жиындар өтті. Су тасқыны жағдайы, инвестиция, жеке кәсіпкерлерді ашу, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қызмет көрсету туралы сұрақтар қойылды.
1) "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына кім қатысады? БЖЗҚ ақпаратты қандай көздерден алады?
Бағдарламаға 18 жасқа дейінгі барлық балалар, яғни 2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан азаматтары қатысады. Бұл ретте 2006 жылы туған балалар 2024 жылы 18 жасқа толып, оларға Ұлттық қордан қаражат есептелуін тоқтатты.
БЖЗҚ балалар туралы барлық мәліметтерді "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алады. Ұлттық қордың валюталық бөлігінің алдыңғы 18 жылдағы орташа инвестициялық кірісі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ға ҚР Ұлттық Банкі береді.
БЖЗҚ бір балаға тиесілі нысаналы талаптардың есебін ҚР ҰБ есептеген нысаналы талаптардың жалпы сомасы мен есепті жылдың соңындағы Бағдарламаға қатысушылардың саны негізінде жасады. Бұл ретте:
- Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған, есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан;
- бұрын есепке алынбаған, бірақ нысаналы талаптарға қатысуға құқығы бар;
- бұрын ескерілген, бірақ нысаналы талаптарға қатысуға құқығы жоқ
балалардың нысаналы талаптарының сомасына жасалған түзетулер де ескерілді.
2) Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың айырмашылығы неде?
Нысаналы талаптар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің еліміздің он сегіз жасқа толмаған азаматтары алдындағы Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы есебінен жыл сайынғы міндеттемелері.
Нысаналы жинақтар – алушының – он сегіз жасқа толған және нысаналы жинақтарды алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматының нысаналы жинақ шотында жинақталған ақшасы.
Нысаналы талаптар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақ шотына есепке алынатын, ақшалай эквивалент түріндегі (АҚШ долларымен) нысаналы жинақ мәртебесіне кәмелеттік жасқа толған кезде ие болады. Нысаналы жинақты алушы 18 жасқа толған кезінде бұл қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалануға құқылы.
3) 2025 жылы 18 жасқа толатын балалар "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына енгізілді ме және олар қанша соманы алады?
Иә, 2025 жылы 18 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары болып есептелетін балаларға 2024 жылға, яғни бала әлі 18 жасқа толмаған есепті жылға нысаналы талаптар есептелді. Нысаналы талаптар бірден нысаналы жинақтар мәртебесіне ие болды және алушының БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына есептелді.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы барлық балаларға 100,52 АҚШ доллары есептелген. 2025 жылы 129,38 доллар және өткен жылғы мақсатты талаптарға 3,04 доллар инвестициялық кіріс. Осылайша, 2007 жылы туылған азаматтардың мақсатты жинақтау шоттарында 232 доллар және 94 цент бар. Бұл есептеулерді кәмелетке толғандар enpf.kz электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен сайттағы жеке кабинетте көре алады.
Алайда, жас отандастарымыз оны нысаналы мақсаттарына тек 18 жасқа толғаннан кейін ғана қолдана алады. Мысалы, бала 18 жасқа 2025 жылдың қазан айында толады делік. Оған тиесілі АҚШ долларындағы нысаналы жинақтары баланың БЖЗҚ-дағы шотына 2025 жылдың басында есептеліп қойды. Бірақ ол аталмыш қаражатты тек 2025 жылдың қазан айында, яғни кәмелетке толғаннан кейін ғана пайдалана алады.
4. Баланың «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатысатындығын
қалай білуге болады?
БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтындағы "Нысаналы талаптарға қатысушыны іздеу" бөліміне баланың ЖСН енгізіп, "Тексеру" батырмасын басу керек. Бала нысаналы талаптарға қатысушы болған есепті жыл және оның нысаналы талаптарының жалпы сомасы көрсетілген ақпарат беріледі. Сонымен қатар, сайтта балалардың туған жылдары бойынша бөліністе Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың қалыптасу тарихы ұсынылған, онда есептелген сомалар, инвестициялық кіріс, сондай-ақ, нысаналы жинақтардың (НЖ) БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына есептелген жылы көрсетіледі. Баланың бағдарламаға қатысатынын eGov mobile электрондық үкіметі мен екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларынан да тексеруге болады.
5. Егер балаға 2024 жылы нысаналы талаптар есептелмеген болса, 2025 жылғы
есептеулер өткен жылды ескере отырып жүргізілді ме?
Егер бала қандай да бір себептермен нысаналы талаптарға қатысушылардың тізіміне енгізілмесе, сәйкесінше олардың жалпы санын есептеу кезінде ескерілмесе, бірақ мұндай қатысушы болуға құқығы бар болса, онда өткізіп алған кезеңі (кезеңдері) үшін нысаналы талаптар жүгінген немесе ЖТ МДҚ-да ақпарат жаңартылған жылдан кейінгі жылы есептеледі.
Осылайша, егер бала 2023 жылға арналған электрондық тізімде болмаған және оған 2024 жылы нысаналы талаптар есептелмеген болса, бірақ бұл ретте оның қатысушы болуға толықтай құқығы болған және ол туралы ақпарат ЖТ МДҚ-дан БЖЗҚ-ға түскен болса, оған 2025 жылы нысаналы талаптар өткізіп алған кезең мен инвестициялық кірісті ескере отырып, толық көлемде есептелді.
6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында нысаналы жинақ қанша уақыт
сақталады?
Нысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында бағдарламаға қатысушы 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл бойына АҚШ долларымен сақталады. Осы мерзім өткеннен кейін қатысушы пайдаланбаған нысаналы жинақтау сомалары нысаналы жинақтау шотынан оның ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін ашылған жеке зейнетақы шотына автоматты түрде аударылады. Қаражат ЕЗЖ есепке алынатын шотқа аударым күніндегі ресми бағам бойынша теңгемен есептеледі.
Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары мен тәртібі ҚР зейнетақы заңнамасында көзделген.
7) Нысаналы жинақтарға тыйым салу, алып қою немесе оларды жұмсау бойынша шектеу қойылуы мүмкін бе?
Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне қандай да бір шектеулер белгілеуге тыйым салатын нормалар енгізілді.
Ұлттық қордан берілетін нысаналы жинақтар төлеміне:
- банк шоттарындағы ақшаға тыйым салу немесе өндіріп алуды қолдануға;
- банк шоттарындағы ақша қаражаты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
- жинақты алушының келісімінсіз алып қоюға;
- банктегі ақшаға билік етуді уақытша шектеуге;
- жеке табыс салығын салуға тыйым салынады.
8) Ата-аналарға нысаналы талаптарды/нысаналы жинақтарды тексеру мүмкіндігі беріледі ме?
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері нысаналы талаптардың есептелуі туралы ақпаратты eGov mobile электрондық үкіметінің ұялы қосымшасынан, kids.enpf.kz сайтынан, сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларынан да тексере алады.
Бала он сегіз жасқа толғанда оған «БЖЗҚ» АҚ-да нысаналы жинақтарды алушының (кәмелетке толған баланың) өзі ғана қол жеткізе алатын нысаналы жинақтау шоты ашылады.
9) Ұлттық қордан төлем алу үшін банктік шотты қандай банктерде ашуға болады? «Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатысу үшін банктерге қойылатын қандай да бір алғышарт немесе талаптар бар ма?
ҚР «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңында (бұдан әрі - Заң) уәкілетті операторларға кімнің жататыны туралы ұғым мен «БЖЗҚ» АҚ-ға уәкілетті операторлармен өзара іс-қимыл жасау бойынша міндеттер ғана бекітілген.
Осылайша, Заңда екінші деңгейдегі банктерге ешқандай шектеу қойылмаған, БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасасқан Қазақстанның кез келген екінші деңгейдегі банкі қатыса алады. Бұл екінші деңгейдегі банктер де, «Қазпошта» ұлттық операторы да болуы мүмкін. Бүгінгі күні уәкілетті операторлар болып "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу бойынша) және "Халық банкі" АҚ (білім алу бойынша) бекітілген.
10) Бала ақшаны бірден 18 жасында емес, кейінірек 20 немесе 25 жасында пайдалана алады ма?
Бала 18 жасқа толғанда оның атына БЖЗҚ-да нысаналы жинақтау шоты автоматты түрде ашылады және оған Ұлттық қордан тиесілі қаражат есептеледі. Ақша АҚШ долларымен аударылады және нысаналы жинақтау шотында 10 жыл сақталады.
Егер осы мерзім ішінде бала бұл қаражатты пайдаланбаса, онда қаржы оның атына автоматты түрде ашылатын БЖЗҚ-дағы жеке ерікті зейнетақы шотына (ЕЗШ) автоматты түрде аударылады. Ал ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын осы зейнетақы шотынан жинақтарды алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу енді тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы мүмкін
Енді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілетін теориялық және тәжірибелік емтиханға тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы ғана жазылуға болады. Бұл жаңашылдық азаматтарға ыңғайы болу үшін және сыйбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «ХҚКО» қосымшасының барлық қолданушысы екі факторлы аутентификациядан өтеді: алдымен – биометриялық идентификация, сосын 1414 нөмірінен келіп түскен SMS-коды арқылы өзінің жеке басын растайды. Одан кейін жүргізуші куәлігіне үміткер «Теориялық емтиханға жазылу» немесе «Тәжірибелік емтиханға жазылу» батырмасын таңдайды. Бұдан соң қызмет алушыға 1414 нөмірінен хабарлама келіп түседі. Айта кету керек, SMS хабарлама Мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөміріне жіберіледі. Қосымша арқылы емтиханға жазылу үшін алдын ала мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, өтінім нөмірін алу қажет екенін ескертеміз.
Бұл сервис емтихан уақыты мен емтихан тапсыру кестесіндегі өзгерістер туралы пайдаланушыларға хабарлап отырады. Бұл ақпаратты ыңғайлы түрде және дер кезінде алу мүмкіндігін едәуір арттырады.
Еске салайық, емтиханға жазылу бұрын booking.gov4c.kz сайтында жүзеге асырылатын, алайда «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы қызметті кеңейтілген ауқымда алу үшін сайттағы брондау функциясы өшіріледі. Десек те, сайт пайдаланушыларға емтихан тапсыру сәтінің трансляциясын онлайн режимде көрсету үшін өз жұмысын жалғастыра береді.
Аталған қосымша ХҚКО-ға бару уақытын брондауға, электронды кезек үшін талон алуға, қызықтырған халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан мекенжайын табу және өзекті сұрақтармен танысуға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, «ХҚКО» қосымшасын Google Play және App Store арқылы жазып алуға болады.
Бүгін аудан әкімі А. Ибраев Бородулиха аудандық ардагерлер кеңесінің «дөңгелек үстеліне» қатысты. Шара барысында аудандық мәслихат төрағасымен, «Аманат» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысымен, ауылдық және кенттік округ әкімдерімен, сондай-ақ ардагерлер кеңесінің төрағаларымен бірге ардагерлер ұйымдарының қызметіне қатысты негізгі мәселелерді талқыланды.
Күн тәртібінде 2024 жылы аудандық ардагерлер кеңесінің атқарған жұмысының қорытындылары, оның тиімділігі, сондай-ақ Белағаш және Новодворовка ауылдық округтерінің ардагерлер кеңестерінің қызметі қаралды.
Бұл «дөңгелек үстел» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Еңбек ардагерлері әрдайым қоғамның тірегі болып, бірлік пен ынтымақты нығайтуға, егде жастағы азаматтардың құқықтарын қорғауға және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге өз үлестерін қосуда. Олар еңбек демалысына шыққанымен, ауданның мәдени және әлеуметтік өміріне белсенді араласуын жалғастыруда.
2025 жыл – маңызды оқиғаларға толы жыл болмақ. Бұл – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, ел Конституциясының 30 жылдығы және Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы.
Аудандық ардагерлер кеңесі мен бастауыш ардагерлер ұйымдары осы мерекелік іс-шараларға белсенді қатысып, ауданның дамуына өз үлестерін қоса беретініне сенімдіміз.