GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
09 апреля 2026
«Азаматтарға арналған үкімет» 10 жыл: қызмет алу жүйесі қалай жаңарды

 

7 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына 10 жыл толды. Осы уақыт ішінде ол мемлекет пен азамат арасындағы негізгі қызмет көрсету арнасына айналды. Бүгінде жүйе жыл сайын ондаған миллион өтінішті қамтып, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін «бір терезе» қағидатымен ұсынады.  

Осы жылдар ішінде елде мемлекеттік қызмет алудың біртұтас жүйесі қалыптасты. Соның арқасында қызмет алу бұрынғыдан әлдеқайда жеңіл әрі қолжетімді болды.  Азаматтар енді қызметті өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы да, бейнеХҚКО арқылы да ала алады. Биометриялық сәйкестендіру енгізіліп, көптеген қызмет цифрлық форматқа көшті

Өзгерістердің ауқымы нақты көрсеткіштерден де көрінеді. Бүгінде ХҚКО арқылы жыл сайын орта есеппен 23 миллионнан астам қызмет көрсетіледі. Бұдан бөлек, миллиондаған өтініш мобильді қосымшалар мен онлайн-сервистер арқылы рәсімделеді.

Цифрландыру бұл өзгерістердің негізгі қозғаушы күшіне айналды,  бүгінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі онлайн қолжетімді. «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады. Тек 2025 жылдың өзінде қосымшаны 2 миллионнан астам адам жүктеген. Қосымша арқылы азаматтар кезекке жазылып, өтініштерін бақылап, бірқатар қызметті қашықтан рәсімдей алады.

Цифрлық сервистермен қатар, азаматтарға қолдау көрсету бағытында 1414 Бірыңғай байланыс орталығы да маңызды рөл атқарады. Биыл 15 жылдығын атап өтетін орталық тәулік бойы жұмыс істейді және 2021 жылдан бері Мемлекеттік корпорация құрамында қызмет көрсетіп келеді. Жыл сайын мұнда 20–25 миллионға жуық өтініш өңделеді, ал бүгінде әр оныншы қоңырау жасанды интеллект негізіндегі ассистенттің қатысуымен қабылданып, азаматтарды қажетті қызметке жедел бағыттауға көмектеседі.

Сонымен бірге, корпорация тек қызмет көрсетумен шектелмей, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында да жұмыс жүргізіп отыр. Оқыту сабақтары еліміздің барлық өңіріндегі ХҚКО-ларда практикалық форматта ұйымдастырылып, қатысушыларға цифрлық қызметтерді еркін пайдалануды және өз бетінше онлайн алуды үйретеді. Тек наурыз айының өзінде бүкіл ел бойынша шамамен 700 қазақстандық цифрлық дағдыларын жетілдірді.

«Мемлекеттік корпорацияның басты миссиясы – мемлекеттік қызметтер жүйесін жаңғыртудың негізгі қозғаушы күшіне айналу. Осы жылдар ішінде біз азаматтардың нақты қажеттіліктеріне сай келетін қызмет көрсету моделін қалыптастырдық. Нәтижесінде қызметтер қолжетімді, сапалы әрі ыңғайлы бола түсті. Біз азамат мүддесіне бағытталған мемлекет қағидатымен жұмыс істейміз, мұнда әрбір шешім азаматтың қажеттілігіне сай қабылданады.  Біздің мақсатымыз тек қызмет көрсетумен шектелмей, азаматтарға сенімді серіктес болу, баршаға қолжетімді, ашық цифрлық ортаны қалыптастыру», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Мемлекеттік корпорацияның жұмыс тәжірибесі халықаралық деңгейде қызығушылық тудырады. Моңғолия, Жапония, Өзбекстан және өзге де елдерден келген делегациялар Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесімен танысып, тәжірибе алмасқан болатын. Бұл қызығушылықтың негізінде соңғы он жылда қалыптасқан жаңа модель жатыр: бұрын әртүрлі мекемелерде көрсетілген қызметтер бүгінде бір инфрақұрылымға біріктіріліп, азаматтар үшін әлдеқайда ыңғайлы форматқа көшті. Қазір корпорация ХҚКО мен МХҚКО қызметтерін, жер кадастрын, әлеуметтік және зейнетақы бағыттарын, сондай-ақ АХАТ пен жылжымайтын мүлік салаларын қамтиды.

Бұл жүйеде бүгінде 16 мыңға жуық маман еңбек етіп, қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етіп келеді. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету тек цифрлар мен процестер ғана емес, ең алдымен азамат пен мемлекет арасындағы байланысты жеңілдетіп, оны түсінікті әрі ыңғайлы еткен жүйеге айналды.

 
 
07 апреля 2026
1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметке іріктеу толық цифрлық форматқа көшті.

Енді конкурсқа қатысу толық онлайн: өтініштер eqyzmet.gov.kz порталы арқылы қабылданады. Бұл уақытты үнемдеп, үдерісті барынша қолжетімді етеді.

Кандидаттар:
- заңнаманы білу тестінен;
- жеке қасиеттерін бағалау кезеңінен өтеді.

📊 Тестте 55 сұрақ. Кем дегенде: 30 дұрыс жауап және әр заң бойынша кемінде 5 дұрыс жауап.

Жеке қасиеттерді бағалау 3 бағытта өтеді:
- басшылық лауазымдар;
- басшылық емес лауазымдар;
- тәжірибе талап етілмейтін төменгі лауазымдар.

Нәтижелер 1 жылға жарамды. Тестті айына 3 ретке дейін тапсыруға болады.

Конкурсқа ТОП-5 кандидат өтеді.
📄 Құжаттар онлайн тапсырылады.

Іріктеу кезеңдері:
- басшылар: эссе + онлайн сұхбат;
- басқа лауазымдар: практикалық тапсырмалар.

Барлық нәтижелер автоматты түрде есептеледі. Ашықтық үшін (сұхбаттан басқа) барлық кезеңде прокторинг қолданылады.

⚡ Конкурс мерзімі қысқарды:
5-7 жұмыс күні (бұрын 23-30 күн). Жаңа жүйе – ашық, әділ және тиімді іріктеу. Мемлекеттік қызметке жол енді бұрынғыдан да қолжетімді!

@elgeqyzmet.abai
#АДГС #мемлекеттікқызмет #госслужба

 
 
07 апреля 2026
Енді жерді жалға алу, сату және мақсатын өзгерту онлайн рәсімделеді

2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда жер қатынастары саласындағы үш қызмет цифрлық форматқа көшті. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, енді жердің нысаналы мақсатын өзгерту, жалдау мерзімін ұзарту және жер учаскесін сатып алу қызметтерін онлайн алуға болады.

Цифрлық форматқа көшкен қызметтердің бірі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту. Мәселен, ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жер учаскесін құрылысқа пайдалану үшін оның нысаналы мақсатын қашықтан өзгертуге болады.

Сондай-ақ жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту қызметі де онлайн қолжетімді. Егер жалдау мерзімі аяқталуға жақындаса, оны ұзарту туралы өтінішті 90 күн бұрын онлайн беруге болады.

Бұдан бөлек, жер учаскесін жеке меншікке сату рәсімі де цифрландырылды. Жерді онлайн түрде біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. Бұл меншік құқығын рәсімдеу процесін жеңілдетеді.

Қызметтер «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі, электрондық үкімет порталы және жергілікті атқарушы органдардың жүйелері арқылы көрсетіледі. Бұл негізгі процестерді онлайн форматқа көшіруге және өтініштердің мәртебесін жүйе арқылы бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Қызметтерді автоматтандыру «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін дамыту аясында жүзеге асырылды және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытының бір бөлігі болып табылады. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде жер қатынастары саласындағы қызметтерді де кезең-кезеңімен онлайн форматқа көшіріп, азаматтар мен бизнес үшін олардың қолжетімділігін арттыруды жалғастырады.

 

 
16 января 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

1) 2026 жылы БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай өзгерді?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері зейнетақы төлемдерін бұрыннан алып жүрген зейнеткерлер үшін 5 пайызға ұлғаяды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Аталған әдістемеге сәйкес, зейнетақы төлемдерін алғаш рет ала бастайтын азаматтар үшін ай сайынғы төлем мынадай тәртіппен есептеледі: зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын төлеу мөлшерлемесі — 6,5 пайызға көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Кейінгі жылдары ай сайынғы төлем мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне сәйкес 5 пайызға арттырылып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын ай сайынғы зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК) кемінде 70 пайызына тең. 2026 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі - 50 851 теңге.  

Әдістемеде төменде көрсетілген санаттарға жататын азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу кезінде қолдануға болатын арттырушы түзету коэффициенттері көзделген:

  • мерзімсіз уақытқа белгіленген I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар;
  • міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде 60 ай төленген және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар. Егер азамат жоғарыда көрсетілген екі талапқа бірдей сәйкес келсе, ең жоғары мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.

БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер жеке зейнетақы шотындағы қаражат толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

2) 2026 жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшерлемесі қандай?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшерлемесі қызметкер табысының 3,5%-ына дейін ұлғайтылды (ЖМЗЖ мөлшерлемесі кезең-кезеңімен өсіп келеді: 2024 жылы – 1,5%, 2025 жылы – 2,5%, 2026 жылы – 3,5%, 2027 жылы – 4,5%, 2028 жылы – 5%).

Еске саламыз, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жаңа құрамдас бөлік – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. Қабылданған өзгерістерге сәйкес, әрбір жұмыс беруші қызметкер табысынан ұсталатын міндетті 10% зейнетақы жарналарынан бөлек, өз қаражаты есебінен 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған қызметкерлерінің пайдасына қосымша жарналар аударуға міндетті. ЖМЗЖ есептелетін табыс сомасы ең төменгі жалақы мөлшерінен (ЕТЖМ) кем болмауы және тиісті жылға белгіленген 50 еселенген ЕТЖМ-нан аспауы тиіс.

Жұмыс беруші зейнет жасындағы адамдар, I және II топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар тұлғалар, әскери қызметшілер, сондай-ақ 1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған азаматтар үшін ЖМЗЖ төлеуден босатылады.

3) «Арнаулы салық режимі» (АСР) дегеніміз не?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық кодексінің күшіне еніп, ҚР Әлеуметтік кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) енгізілді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарына (ШФҚ) арналған АСР. Бұл режимдер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың тек салықтарды ғана емес, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тәртібін де реттейді.

4) Жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) қандай мақсатпен енгізілді?

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР және ШФҚ-ға арналған АСР енгізу келесі мақсаттарға бағытталған:

  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен шағын бизнесті белсенді тарту арқылы зейнетақы және әлеуметтік жүйемен қамтуды кеңейту;
  • Қазақстанның миллиондаған азаматтары үшін бизнесті жүргізуді жеңілдету;
  • мобильді қосымшалар мен онлайн-платформалар арқылы салықтық әкімшілендіруді одан әрі цифрландыру.

Бұл жаңашылдықтар зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға, еңбек ететін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және «көлеңкелі экономиканың» азаюына ықпал етеді.

5) Қандай арнаулы салық режимдері (АСР) енгізілді?

  1. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР (интернет-платформалар арқылы қызмет көрсететіндерді қоса алғанда)

2026 жылдан бастап енгізілген бұл АСР жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаларға (Қазақстан азаматтары мен қандастарға) арналған. Режим Үкімет бекітетін қызмет түрлерінің шектеулі тізбесіне қолданылады.

Айлық табыс мөлшері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 300 еселенген АЕК-тен, ал жылдық табыс 3 600 АЕК-тен аспауы тиіс.

Осы режимді қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар алынған табыстарынан міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) өз бетінше төлейді.

Мөлшерлемесі:

  • МЗЖ – табыстың 1%;
  • ЖМЗЖ – табыстың 1%.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар АСР-ны арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, оның чектері және өзге көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде қолданатын болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-да жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ орындардағы кірістерді есепке алу өздері әзірлеген қарапайым нысанда, операциялардың күнін, атауын, әрбір операция нәтижесінде алынған сомаларды, әрбір күн үшін, бір айдағы қорытынды соманы көрсете отырып жүргізіледі.

      Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-да МЗЖ мен ЖМЗЖ-ны интернет-платформа операторы ұстап, аударады.

  1. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР

ҚР Салық кодексінің 723 бабының 2-тармағында көрсетілген салық төлеушілерді (басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғаларды, коммерциялық емес ұйымдарды, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қатысушыларды және т.б.) қоспағанда, жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ны ЖК мен Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары қолдануға құқылы.

Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ны төмендегі шарттарға сәйкес келетін тұлғалар қолдануға құқылы:

- күнтізбелік жылдағы шекті кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК-тің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайтын;

- ҚР Үкіметі айқындаған, оған қатысты жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР қолдануға тыйым салынған тізбеге енгізілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар. 

Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР үшін зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері стандартты:  

  • МЗЖ – табыстың 10%,
  • ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, жыл сайын біртіндеп ұлғайтылып, 2028 жылы 5% - ға дейін көтеріледі.
  1. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР

Қазақстан аумағында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарына ие (қосалқы жер пайдаланушы құқығын қоса алғанда) жер учаскелері бар шаруа немесе фермер қожалықтары ШФҚ-ларға арналған АСР қолдануға құқылы.

 Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін таңдалған АСР бір күнтізбелік жыл ішінде өзгертілмейді. Оны шаруа қожалығының қызметі қолдану шарттарына сәйкестігін жоғалтқан жағдайларда ғана өзгертуге болады.  

 ШФҚ арналған АСР зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері:

  • МЗЖ – табыстың 10%,
  • ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, жыл сайын біртіндеп ұлғайтылып, 2028 жылы 5% - ға дейін көтеріледі.

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін АСР шеңберінде МЗЖ, ЖМЗЖ төлеу табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

09 января 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері зейнетақы төлемдерін бұрыннан алып жүрген зейнеткерлер үшін 5 пайызға ұлғаяды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Аталған әдістемеге сәйкес, зейнетақы төлемдерін алғаш рет ала бастайтын азаматтар үшін ай сайынғы төлем мынадай тәртіппен есептеледі: зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын төлеу мөлшерлемесі — 6,5 пайызға көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Кейінгі жылдары ай сайынғы төлем мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне сәйкес 5 пайызға арттырылады.

БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын ай сайынғы зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК) кемінде 70 пайызына тең. 2026 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі - 50 851 теңге. Ал ай сайынғы зейнетақы төлемінің ең жоғары мөлшері шектелмейді және ол алушының зейнетақы жинақтарының көлеміне тікелей байланысты.

Әдістемеде төменде көрсетілген санаттарға жататын азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу кезінде қолдануға болатын арттырушы түзету коэффициенттері көзделген:

  • мерзімсіз уақытқа белгіленген I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар;
  • міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде 60 ай төленген және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар. Егер азамат жоғарыда көрсетілген екі талапқа бірдей сәйкес келсе, ең жоғары мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.

Осылайша, зейнетақы төлемдерінің мөлшері тұрақты түрде аударылатын зейнетақы жарналары мен жинақталған инвестициялық кіріс есебінен қалыптасатын зейнетақы жинақтарының көлеміне тікелей тәуелді. БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер жеке зейнетақы шотындағы қаражат толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады. Жеке зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып табылатындықтан, олар азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

23 декабря 2025
Мобильді «ЦОН» қосымшасында мамандандырылған ХҚКО-дан қызмет алу үшін сенімхат рәсімдеуге арналған жаңа сервис іске қосылды

Мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуын дамыту және азаматтар үшін қолжетімділігін арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасына «Сенімхат рәсімдеу» жаңа цифрлық сервисін енгізді.

Аталған сервис мамандандырылған ХҚКО-ларда мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сенімхаттарды азаматтарға онлайн форматта рәсімдеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, дайын құжаттарды алу, көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару, көлік құралының техникалық паспорты мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін ауыстыру немесе олардың телнұсқасын алу қызметтері. Қызмет көрсету үдерісі толықтай онлайн жүзеге асырылады және бар болғаны бірнеше минутты алады. Сенімхат электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады, бұл құжаттың заңды күшін қамтамасыз етіп, дербес деректердің қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етеді.

«Бұл сервистің іске қосылуы мемлекеттік қызметтердің цифрлық экожүйесін дамытудағы маңызды қадам болды. Азаматтар үшін қажетті құжаттарды алу процесін жылдам, қауіпсіз әрі ыңғайлы етіп, алаяқтық әрекеттер мен үшінші тұлғалардың араласу қаупін төмендетеді», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Электронды сенімхатты қолдану үшінші тұлғаларға құжаттарды беру қажеттілігін жояды және заңсыз әрекеттердің алдын алуға ықпал етеді. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен тікелей өзара байланыс деректердің дұрыстығын, өзектілігін және автоматты түрде тексерілуін қамтамасыз етеді.

           Сервисті пайдалану үшін «ЦОН» мобильді қосымшасында ЖСН және телефон нөмірі арқылы авторизациядан өту қажет. Қосымша App Store және Google Play платформаларында қолжетімді.

Қызмет құны – бір сенімхатты рәсімдеу үшін 500 теңге.

Аталған цифрлық сервистің енгізілуі Қазақстан Республикасы азаматтары үшін мемлекеттік қызметтердің қолайлылығы мен қауіпсіздігін одан әрі арттырады.

11 декабря 2025
«Ашық НҚА» порталы

«Ашық НҚА» порталы - бұл әзірленетін заң жобаларын, НҚА жобаларын талқылауға арналған бірыңғай алаң. Әр қолданушы өз пікірін білдіріп, НҚА әзірлеуге қатыса алады. Жобанытехникалық сүйемелдеумен @nitec_kz айналысады.

Қызмет бағыты

Мемлекеттік қызметтер

 

08 декабря 2025
Жаңа хабарландыру сервисі: азаматтар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы алдын ала біле алады

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі ағымдағы жағдай мен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жөнінде жедел ақпарат беретін жаңа сервисті іске қосты.

Енді азаматтарға жекелеген қызметтердің уақытша қолжетімсіз болу себептерін білу үшін ХҚКО қызметкерлеріне жүгінудің қажеті жоқ. Қажетті мәліметтің барлығы «ЦОН» мобильді қосымшасында, мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында және халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы электронды таблоларда көрсетіледі.

Сервис ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер базаларының техникалық жай-күйін автоматты түрде көрсетіп отырады. Осылайша азаматтар мемлекеттік қызметтердің мәртебесі туралы сенімді әрі өзекті мәліметті уақытылы алып, ХҚКО немесе МХҚКО-ға бару уақытын алдын ала жоспарлай алады.

«ХҚКО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі – азаматтардың өтініштерін қабылдап, мемлекеттік органдардың деректер базаларымен ақпарат алмасуды жүзеге асыратын негізгі арна. Жаңа сервис осы базалар арқылы көрсетілетін қызметтердің уақытша қолжетімсіздігін алдын ала біліп, ХҚКО-ға баруды соған қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл – цифрлық ашықтықты арттыруға, айқындықты күшейтуге және мемлекет пен азамат арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған тағы бір қадам», - деді Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы.

Жаңа сервис Қазақстан азаматтарына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған ашық, сенімді әрі қолайлы цифрлық шешімдерді дамытудың келесі кезеңі болды.

Айта кетейік, сервис «ЦОН» мобильді қосымшасында (App Store/Google Play) ЖСН мен телефон нөмірі арқылы авторизациядан кейін қолжетімді.

27 ноября 2025
Мемлекеттік корпорациядағы цифрлық шешімдер: қағаз құжаттардан – заманауи қызмет көрсету жүйесіне дейін

Мемлекеттік корпорация азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында цифрлық шешімдерді жүйелі түрде енгізіп келеді. Бүгінде бұл құралдар күнделікті жұмыс тәжірибесіне еніп, қызмет көрсетудің заманауи жүйесінің тұрақты бөлігіне айналды.

Цифрлық сервистерді дамыту аясында Мемлекеттік корпорация жасанды интеллект технологияларын да енгізуде. 2025 жылдың мамыр айынан бастап 1414 Бірыңғай байланыс орталығында генеративті жасанды интеллект негізіндегі дауыс көмекшісі жұмыс істейді. Ол 7 автоматтандырылған және 20 кеңес беру қызметін ұсынады. Іске қосылған сәттен бері 230 мыңнан астам қоңырау өңделген. Бұл технология қашықтан қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтіп, кеңес алу процесін айтарлықтай оңтайландырды.

Мобильді цифрландыру да мемлекеттік қызметтерді пайдаланудың үйреншікті тәсіліне айналды. «ЦОН» мобильді қосымшасын шамамен 2 миллион адам қолданады. Онда 79 түрлі қызмет түрі қолжетімді. Ең көп сұранысқа ие функциялардың қатарында – кезекті онлайн брондау, автокөлік сату-сатып алу келісімшарттарын рәсімдеу, көлік тарихын тексеру және e-Otinish арқылы өтініш беру мүмкіндігі бар.

Қосымшада QR-код арқылы талон алу жүйесі де белсенді қолданылады. Бұл қызмет азаматтарға ХҚКО мен МХҚКО-ға бару уақытын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Жүйе іске қосылғалы бері 3 миллионнан астам электронды талон берілген. Бұл орталықтардың жұмыс тиімділігін арттырып, келушілердің уақытын үнемдеуге көмектесті.

«БейнеХҚКО» сервисі де онлайн қызмет көрсету форматын кеңейтуде. Іске қосылғаннан бері шамамен 994 мың бейнеқоңырау қабылданған. Бұл мүмкіндік әсіресе шалғай аймақ тұрғындары үшін өте ыңғайлы, себебі ол мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік корпорациядағы цифрландыру бүгінде технологиялық жаңашылдықтан тұрақты қызмет көрсету жүйесіне айналды. Мемлекеттік қызметтерді алу үдерісі барынша оңтайланып, уақыт пен орналасқан жерге тәуелсіз түрде қолжетімді болып отыр.

06 ноября 2025
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алғаш рет алу қызметі енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болғанын хабарлайды.   

Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтамасының бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін және шектеулердің болуын мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде тексереді.

Өтініш жіберілгеннен кейін азамат өзіне ыңғайлы уақытта теориялық және практикалық емтихандарға жазыла алады. Осылайша, мемлекеттік баж төлемі емтихандарды сәтті тапсырған соң мамандандырылған ХҚКО бөлімінде төленеді. Бұл тәсіл рәсімдеу процесін оңтайландырып, азаматтар үшін анағұрлым қолайлы жағдай жасайды.

Пилоттық жоба Ішкі істер министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы аясында жүзеге асып жатыр. Құжат жүргізуші куәліктерін беру тәртібін жаңартып, цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге бағытталған.

Қазіргі уақытта жаңа қызмет еліміздің барлық өңірінде қолжетімді. Пилоттық жобаның мерзімі 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін белгіленген. Осы кезеңде қызметтің тиімділігі мен қолайлылығы бағаланып, талдау нәтижесінде жаңа тәртіпті тұрақты түрде енгізу мәселесі қаралады.

Жаңа рәсімдеу форматы жүргізуші куәлігін алғаш рет алатындар үшін бұл процесті бұрынғыдан да жеңіл, ыңғайлы және қолжетімді етті.

Сонымен қатар, «ЦОН» мобильді қосымшасы болашақ жүргізушілерге қосымша мүмкіндіктер ұсынады: қолданушылар теориялық және практикалық емтихандарға, сондай-ақ сынақ емтиханына жазыла алады. Бұдан бөлек, қосымшада көлік сатып алу-сату шартын рәсімдеу, автокөлік тарихын тексеру және өзге де электрондық қызметтерді пайдалану сияқты пайдалы функциялар қамтылған.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы