Ақпарат

 

«Абай облысы Бородулиха ауданының
Степной ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінде жүргізілген

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

жүргізілген ішкі талдау нәтижелері

бойынша аналитикалық анықтама

 

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес
Абай облысы Бородулиха ауданының
«Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде
2025 жылғы 16 маусым мен 16 шілде аралығында
2025 жылдың 5 айы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды келесі бағыттар бойынша жүзеге асырды:
– ауылдық округ әкімінің аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
– ауылдық округ әкімінің аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Абай облысы Бородулиха ауданының Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Ережелерге сәйкес жүзеге асырады.

«Абай облысы Бородулиха ауданының Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін, ауылдық округ әкімінің аппаратының қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді (өкімдер, шешімдер) зерделеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Абай облысы Бородулиха ауданының Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат бойынша мемлекеттік қызметшілер саны – 3 бірлік, нақты жұмыс істейтіндер – 3 адам.
2025 жылы тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Ауылдық округ әкімінің аппаратының барлық қызметкерлері атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

Мемлекеттік лауазым атқаратын адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасында, жеке мүдделердің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауға әкеп соғуы мүмкін қайшылықтар жоқ.

Тексерілетін кезеңде сыбайлас жемқорлық көріністері тіркелмеген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылғандар жоқ.

Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын, мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтайды.

Зерттелетін кезеңдегі өтініштерді талдау сыбайлас жемқорлық тақырыбына қатысты өтініштердің жоқ екенін көрсетті. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бірыңғай жүйеде есепке алынады, есептік кезеңде жазбаша өтініштер түскен жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы теріс жарияланымдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Зерттелетін кезеңде ауылдық округ әкімінің аппараты қызметкерлерінің атына қатысты теріс материалдар мен пікірлер анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының бұзылуы бойынша жеке және заңды тұлғалардан шағымдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарда теріс жарияланымдар жоқ.

«Абай облысы Бородулиха ауданының Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 5 (бес) мемлекеттік қызмет көрсетеді:
– жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату;
– жер учаскесін алуға кезекке қою;
– мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне сауда-саттық (аукцион) өткізуді талап етпейтін құқықтарды беру;
– жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру;
– кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.

Тексерілетін кезеңде 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді – мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне сауда-саттық өткізуді талап етпейтін құқықтарды беру (1–2 кезеңдер). Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

Өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 25 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтерді алу қолжетімділігі қамтамасыз етілген. Өтініштерді ресімдеу үшін арнайы үстел қарастырылған, қызмет алушыларға арналған орындықтар бар, стендтерде мемлекеттік қызметтердің регламенттері мен стандарттары орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар әдеп нормаларын сақтау талаптарымен танысқан.

Тексерілетін кезеңде бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарда мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметшілерге қатысты теріс жарияланымдар анықталған жоқ.

Тексерілетін кезеңде «Абай облысы Бородулиха ауданының Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 21 сатып алу жүргізілді, оның ішінде:
– баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 6;
– бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы – 8;
– тауар биржалары арқылы – 0;
– өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден – 7;
– ашық конкурс тәсілімен – 0.
Рұқсат беру функциялары жоқ, бақылау функциялары көзделмеген.

Мемлекеттік мекеменің қызметін бағалау:
жұмыс тобы тексерілетін кезеңде сыбайлас жемқорлық фактілері анықталмағанын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылғандар жоқ екенін анықтады.

«Абай облысы Бородулиха ауданының Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру үшін барлық қажетті шаралар қабылданған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың елеулі бөлігі кадрлық жұмыс шеңберінде жүзеге асырылды:
– кірістер мен мүлік туралы толық және шынайы мәліметтерді уақтылы ұсыну бойынша жұмыс ұйымдастырылып, жүргізілді;
– қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар алуға қойылған шектеулерді сақтау бойынша ұйымдастырушылық, түсіндіру және өзге де шаралар кешені жүзеге асырылды, сыйлық беруге теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді;
– мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысының туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және алдын алу шаралары қабылданды.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде жұмыс тобы «Абай облысы Бородулиха ауданының Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған деген қорытындыға келді.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуді ұсынады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі ұсынымдар:
– мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы түсіндіру бойынша әңгімелер өткізу;
– мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысының туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және алдын алу бойынша іс-шараларды тұрақты негізде өткізу.

 

Жұмыс тобының басшысы:                                                А. Жунисов

Жұмыс тобының мүшелері:                                                     Ж. Азельбаева

                                                                                                         Р.Жилбаева 

                                                                                                                            

Информация
Дата публикации
15 декабря 2025