Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу енді тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы мүмкін
Енді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілетін теориялық және тәжірибелік емтиханға тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы ғана жазылуға болады. Бұл жаңашылдық азаматтарға ыңғайы болу үшін және сыйбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «ХҚКО» қосымшасының барлық қолданушысы екі факторлы аутентификациядан өтеді: алдымен – биометриялық идентификация, сосын 1414 нөмірінен келіп түскен SMS-коды арқылы өзінің жеке басын растайды. Одан кейін жүргізуші куәлігіне үміткер «Теориялық емтиханға жазылу» немесе «Тәжірибелік емтиханға жазылу» батырмасын таңдайды. Бұдан соң қызмет алушыға 1414 нөмірінен хабарлама келіп түседі. Айта кету керек, SMS хабарлама Мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөміріне жіберіледі. Қосымша арқылы емтиханға жазылу үшін алдын ала мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, өтінім нөмірін алу қажет екенін ескертеміз.
Бұл сервис емтихан уақыты мен емтихан тапсыру кестесіндегі өзгерістер туралы пайдаланушыларға хабарлап отырады. Бұл ақпаратты ыңғайлы түрде және дер кезінде алу мүмкіндігін едәуір арттырады.
Еске салайық, емтиханға жазылу бұрын booking.gov4c.kz сайтында жүзеге асырылатын, алайда «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы қызметті кеңейтілген ауқымда алу үшін сайттағы брондау функциясы өшіріледі. Десек те, сайт пайдаланушыларға емтихан тапсыру сәтінің трансляциясын онлайн режимде көрсету үшін өз жұмысын жалғастыра береді.
Аталған қосымша ХҚКО-ға бару уақытын брондауға, электронды кезек үшін талон алуға, қызықтырған халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан мекенжайын табу және өзекті сұрақтармен танысуға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, «ХҚКО» қосымшасын Google Play және App Store арқылы жазып алуға болады.
Соңғы жаңалықтар
1 наурызда азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 1 наурызда жергілікті атқарушы органдары әкімдері орынбасарларының төрағалық етуімен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Азамат Досымов хабарлады
Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдады
Нұрлан Ұранхаев:
▪️облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады:
– былтыр өңір экономикасына 568,9 миллиард теңге инвестиция салынған. Бұл орайда өсім 132,7 пайыз болса, оның ішінде жеке инвестиция көлемі 131,5 пайызға артқан;
– жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 107,1 пайызға ұлғайып, 53,2 мыңға жеткен;
– өнеркәсіп өндірісі 105,1 пайызға, ауыл шаруашылығы өсімі 103,5 пайызға, құрылыс көлемі 119,1 пайызға артқан;
▪️Президенттің тапсырмасына сәйкес облыста Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспары іске асырылып жатқанын айтты:
– жоспарда инвестиция көлемі 1,9 триллион теңге болатын 102 жоба қамтылған;
– «Қаражыра» кен орнында көмір-химия кешенін және қуаты 1 ГВт болатын үшінші жел электр станциясын салу жобалары пысықталып жатыр;
▪️шекара маңындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді:
– ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен бірлесе отырып, инвестициялық жобалар және шекарадан өткізудің уақытша пунктін салу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген;
– өңір туризмінің дамуына серпін беретін «Семей – Тачэн (Шәуешек)» әуе рейсін ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр;
– Татарстан Республикасымен ынтымақтастықты дамытудың жол картасына қол қойылған;
▪️үшінші жылу электр орталығы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу барысы жөнінде баяндады:
– алдын ала есепке сәйкес, жоспарланған жылу қуаты 1200 Гкал/сағатты және электр қуаты 360 МВт-ты құрайды;
– өңір тұрғындарын таза ауызсумен толық қамтамасыз ету үшін 46 жобаны іске асыру қарастырылған.
Сонымен қатар:
▪️«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 5700 оқушыға арналған 11 мектеп салу жоспарланған;
▪️«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2025 жылға дейін облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 65 нысан салынады. Олардың құны 10,8 миллиард теңгені құрайды.
❗️Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттарының саны 95%-ға жетті
2024 жылғы ақпан айының соңындағы деректерге сәйкес республика бойынша еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттарының саны 4 млн 494 мыңды немесе 95% құрады. Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіш 90%-дан 100%-ға дейін өзгереді.
Толығырақ ortcom.kz сайтында
Абай облысы: «Ауыл аманаты» жобасы аясында 538 жаңа жұмыс орны құрылады
2024 жылға арналған жобалардың әлеуетті пулын қалыптастыру шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін анықтау үшін 327 елді мекенде 135 ауылдық округ бойынша 8 ауданда сауалнамаларға сәйкес скрининг жүргізілді.
Толығырақ ortcom.kz сайтында
Құнарлы ауылдық округінде сейсмикалық дайындық өтті.
Оған округтің аумағында орналасқан мекемелер қатысты.
Оқу-жаттығулар барысында әр мекеменің міндеттері пысықталып, жер сілкінісі кезінде адамдардың әрекет етуге дайындығы көрсетілді.
Құнарлы ауылдық округінде көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Инертті материалды дайындалған.