Бородулиха ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы

Бородулиха ауданының аудандық маңызы

бар жалпыға ортақ пайдаланылатын

автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының

2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабына сәйкес Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бородулиха ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ

пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  1. «Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуі;

2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап

күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) Осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде

оның көшірмесін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберу;

  1. Осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Бородулиха ауданы

әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. 2018 жылғы 18 мамырдағы № 5-8-156 әділет органдарында тіркелген

2018 жылғы 3 мамырдағы № 94 әкімдік қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Селихановқа жүктелсін

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі А. Ибраев

КЕЛІСІЛДІ:

«Абай облысы жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

_____________Р.Беркутбаев

2024 жылғы «__»__________

Дата публикации
14 февраля 2025