GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Пресс-центр
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Все материалы
09 декабря 2025
Денсаулық сақтау вице-министрі Мұратов Т.М. Абай облысы тұрғындарымен кездесуі
Денсаулық сақтау вице-министрі Абай облысындағы медицина саласының жағдайымен танысты
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Семей қаласына жасаған жұмыс сапары барысында жергілікті БАҚ өкілдермен кездесу өткізіп, Қазақстандағы медицина саласын жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы айтып берді және өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Тимур Мұратовтың айтуынша, салалық реформалар тек емдеу процесімен шектелмей, денсаулық сақтау жүйесінің негізгі тетіктерін жаңғыртуға бағытталған. Басты басымдықтардың бірі – МӘМС жүйесін жетілдіру және одан әрі дамыту.
– Қазіргі уақытта жүйеге 3,5 миллионнан астам азамат қатысуда. Халықты МӘМС-ке қамтуды одан әрі кеңейту жұмыстары жалғасады. Саланың ішінде терапиялық дерматология, онкология және басқа да бағыттар бойынша медициналық көмектің сапасын арттыруға ерекше мән беріліп отыр. Басты мақсат – халықты шынымен сапалы еммен қамтамасыз ету, – деді вице-министр.
Алдағы уақытта басым бағыттардың бірі дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету. Вице-министрдің айтуынша, азаматтар үшін маңызды мәселе дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру тетіктерін жетілдіру.
– 2026 жылы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемі биылғы жылмен салыстырғанда артады. Қазіргі уақытта сатып алу рәсімдері толық аяқталды. Денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер қатарында ана мен бала өлім-жітімінің төмендеген. 2027 жылдан бастап елімізде туу көрсеткіші артады деген демографиялық болжам бар. Осыған байланысты алдағы кезеңдегі негізгі міндеттердің бірі акушерлік стационарларды жөндеу, жаңғырту және олардың санын көбейту, – деді Тимур Мұратов.
Бүгінде медициналық инфрақұрылымды, соның ішінде шағын елді мекендердегі нысандарды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы бағытта бірқатар жергілікті медициналық ұйымдарда жаңғыртуды талап ететін мәселелер бар.
– Бүгін Абай облысындағы бірнеше медициналық ұйымға барып, олардың қазіргі жағдайына баға бердік. Жоспарға сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалады және тиісті қаржыландыру көздері айқындалады, – деп қорытындылады вице-министр.
10 июля 2025
Брифинг
Абай облысында 13 ауыл алкоголь саудасынан бас тартты
Ағымдағы жылы өңірімізде 13 ауылдық жерлер алкоголь өнімдерін сатудан және тұтынудан толық бас тартқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бауыржан Садақбаев баяндады.
- «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында қылмыстың алдын алу бағытында арнайы шаралар қарқынды жүзеге асырылуда. Солардың қатарында мас күйінде жасалатын қылмыстарды болдырмау мақсатында аудандар мен ауылдарда алкоголь өнімдерін сатуға және тұтынуға шектеу қойылуда. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде ауылдық жерлерде құқықбұзушылық деңгейі айтарлықтай төмендеді, - деді Бауыржан Садақбаев.
Облыс аумағында жалпы 1551 бейнебақылау камерасы орнатылған. Биыл тағы 380 камера іске қосылды. Қауіпсіздікті арттыру үшін бет-әлпетті танитын 86 заманауи камера, дрондар, «Сергек-Қорғау» және «Кибер-шериф» жүйелері қолданысқа енгізілген.
- Бүгінде басқарма қызметкерлері халықпен тығыз байланыс орнатуда. Барлық интернет платформаларында байланыс арналары ашылып, азаматтардың полиция қызметкерлерімен кез-келген уақытта хабарласа алуға мүмкіндік жасалған.Сонымен қатар, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында әлеуметтік желілерде профилактикалық видеолар мен түсіндіру материалдары тұрақты жарияланып тұрады, - деп қорытындылады спикер.
11 июня 2025
Брифинг

Абай облысында 156 мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап мопедтер көлік құралдарына теңестірілді және оларды міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткізу қажет. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Омаров баяндады.

- Мопедті басқару үшін енді бірнеше талаптар бекітілді. Көлік мемлекеттік тіркеуден өткізіліп, техникалық байқаудан өтуі, сақтандыру полисі рәсімделуі және жүргізушінің А, А1 немесе В санатындағы куәлігі болуы қажет. Тіркеу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға барып, жеке куәлігі мен мопедтің техникалық құжатын (немесе сипаттамасын) ұсынуы тиіс. Сонымен қатар көлік тексеруден өтіп, мемлекеттік баж салығын төлеуі қажет, - деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ, облыс бойынша бүгінде 1017 мопед тіркелген, оның ішінде ең көбі Семей қаласында (545) және Үржар ауданында (92). 2024 жылдың 5 сәуірінен бері 156 мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған, 49-ы мас күйде, 66-сы жүргізу куәлігінсіз көлік басқарған. Сонымен қатар, 6 адам сақтандырусыз, 4 адам техникалық байқаудан өтпей жүргені үшін жауапқа тартылды. Мопед қатысқан бір жол апаты тіркеліп, 2 адам жарақат алған.

21 апреля 2025
"Таза Қазақстан"
?
 
 
 

15 апреля 2025
Абай облысында балалар қауіпсіздігіне бағытталған шаралар күшейтілуде
Абай облысында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – маңызды мәселелердің бірі. Өңірде бұл бағытта кешенді профилактикалық шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Биыл жасөспірімдер арасындағы қылмыстық оқиғалар 25%-ға артқан. Семей қаласында бұл көрсеткіш екі есеге көбейген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бауыржан Садақбаев мәлімдеді.
— Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар саны 20%-ға төмендегенімен, сексуалдық сипаттағы құқықбұзушылықтар 80%-ға өсіп отыр. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр. 2024 жылдан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске арнайы өзгеріс енгізіліп, буллинг пен кибербуллинг үшін заңды өкілдерге ескерту жасау немесе айыппұл салу қарастырылған. Биыл қала мектептерінің бірінде оқушыны ұзақ уақыт бойы қорлау фактісі тіркеліп, тиісті шаралар қабылданды, – деді спикер.
04 апреля 2025
Брифинг

Өрт қауіпсіздігі мен улы газдың алдын алу шаралары жүргізілуде

Жылыту маусымы басталғалы бері облыс аумағында өрт оқиғалары мен улы газдан улану фактілері жиілеген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Алексей Штыкель мәлімдеді.

– Жылыту маусымы басталғаннан бері өрт салдарынан 9 адам көз жұмды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе көп (4 адам). Сондай-ақ 9 адам жарақат алды, ал өткен жылыту маусымында бұл көрсеткіш 2 адамды құраған, яғни өсім 4,5 есеге жетіп отыр. Тек өткен аптада облыс аумағында болған өртте 2 бала қаза тауып, 1 әйел жарақат алды. Өрттермен қатар адамдардың улы газдан улану жағдайлары да жиілеп отыр. Жылыту маусымы басталғалы бері 26 жағдай тіркеліп, 21 адам ауруханаға жатқызылды, олардың 9-ы – балалар, – деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, өткен аптада улы газдан уланудың 5 жағдайы тіркеліп, 3 адам қаза тапқан. 15 адам зардап шегіп, 2-еуі медициналық мекемелерге жатқызылған. Жылыту маусымында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау – адам өмірін сақтап қалудың басты кепілі. Осыған байланысты тұрғындарға өрт қауіпсіздігі мен улы газдың алдын алу шараларын ұстану, пеш пен газ қондырғыларын дұрыс пайдалану жөнінде ескерту жасалады.

28 марта 2025
Брифинг

Абай облысында ЖЭО-3 құрылысына дайындық жүргізіліп, газдандыру жоспары талқылануда

Өңірде жаңа жылу электр орталығын салуға дайындық жұмыстары аяқталуға таяу. Сондай-ақ, елді мекендерді табиғи газға қосу перспективалары қарастырылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырханов мәлімдеді.

Бүгінде мамандар ЖЭО-3 құрылысын жүргізу бойынша техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеуді аяқтады. Одан кейін құжаттар мемлекеттік сараптамаға жіберіледі. Сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) дайындау жөнінде келісімшарт жасау жұмыстары қатар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, бұл құжат үшінші тоқсанда дайын болуы тиіс.

– Жаңа жылу электр орталығы Степной кентінде салынады. Ол үшін жер телімі бөлініп, «Семей энерго» компаниясы құрылды. Бұдан бөлек, жаңа станцияны тұтынушылармен байланыстыратын магистральдық желілердің құрылысын жобалау жұмыстары жүргізілуде, – деді спикер.

Басқарма басшысы өңірді газдандыру мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, газдандырудың бас жоспары бар, оған сәйкес, облысты газға қосу 2030 жылдан кейін жоспарланған. Алайда бұл мерзім жыл сайын жаңартылып отыратын газбен жабдықтау сызбасына байланысты өзгеруі мүмкін.

12 марта 2025
Брифинг

Ақсуат ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты дамуда

Аудан аумағындағы жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Жалпы, аудан арқылы өтетін автомобиль жолдарының ұзындығы 697 шақырымды құрайды. Оның 66%-ы, яғни 461 шақырымы аудандық маңызы бар жолдарға тиесілі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Ақсуат ауданының әкімі Ерсін Ескендіров атап өтті.

-Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің ішкі көше жолдарын орташа жөндеуге облыстық және аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар басталды. Ақсуат ауылының кіреберісінен айналма жолға дейінгі автомобиль жолын кеңейту жұмыстары да жүргізілуде. Бұл жоба аясында ұзындығы 1,6 шақырым жол асфальтталады. Жолдың оң жақ шетіне 1,5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып, жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта жолдың екі жағына құм-қиыршық тас төселіп, тегістеу және нығыздау жұмыстары жүріп жатыр, - деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Қожагелді ауылындағы медициналық пункттің сыртқы инженерлік желілер құрылысына және Екпін, Құмкөл, Ойшілік ауылдарынан спорт модулі құрылысына облыстық бюджет қаражат есебінен ЖСҚ әзірленген.

- Ауданымызда білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және жұмыспен қамту салаларында маңызды жұмыстар атқарылуда. Биыл үш мектепке жаңа модификациялы кабинеттер ашылып, бес мектеп пен бір балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Денсаулық сақтау саласында 570 млн. теңгеге компьютерлік томография аппаратын сатып алу жоспарланып, Қожагелді ауылында медициналық пунктке сыртқы инженерлік желілер құрылысына 32 млн. теңге бөлінді.
Мәдениет және спорт нысандарын дамыту мақсатында Көкжыра ауылында жаңа клубтың жобасы әзірленіп, үш ауылда спорт модулі құрылысына құжаттар дайындалды. Жалпы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты түрде ілгерілеп келеді, - деп қорытындылады Ерсін Ескендіров.

04 марта 2025
Брифинг

«Семей орманы» аумағында орман өрттерін ерте анықтау жүйелері орнатылады
Орман өртіне жедел әрекет ету және залалды барынша азайту мақсатында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында жаңа автоматтандырылған ерте хабарлау жүйелері іске қосылады. Бұл туралы баспасөз конференциясында «Семей орманы» МҰТП СОПКиО бөлімінің міндетін атқарушы басшысы Ринат Өтегенов мәлімдеді.
– Қазіргі таңда мұндай жүйелер Семей, Жаңасемей және Канонер филиалдарында жұмыс істейді. Биылдан бастап барлық филиалда өрт ошақтарын қашықтан бақылауға және автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік беретін жаңа кешендер орнатылады. Бұл өрттің алдын алуға, оның таралу қаупін азайтуға және жою шараларын жедел ұйымдастыруға ықпал етеді, – деді Ринат Өтегенов.
Сонымен қатар, орман шаруашылығы қызметкерлеріне арналған оқу-жаттығулар ұйымдастыру жоспарланған. Бүгінде тұрақты штат саны 177 адамды құрайды, ал өрт қаупі жоғары кезеңде қосымша 400 уақытша қызметкер тартылады. Филиалдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін жанар-жағармай материалдарының стратегиялық қоры жасақталып, байланыс құралдары күшейтілді. Қазіргі уақытта 648 радиостанция қолданыста, оның 391-і – тасымалды құрылғылар.

28 февраля 2025
Брифинг

Абай облысында Рамазан айына дайындық басталды

Қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Бұл туралы оразаның маңыздылығы мен ораза ұстау ережелері туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, Рамазан – мұсылмандардың өміріндегі ерекше ай. Бұл тек рухани тазару кезеңі ғана емес, сонымен қатар жақсылық істер жасап, мұқтаждарға көмек көрсету мүмкіндігі. Биыл Рамазан айы 29 күн болады. Ал, 30 наурызда Ораза айт мерекесі аталып өтіледі.

– Қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Бұл ай мұсылмандардың рухани өмірінде ерекше орын алады. Ол тек рухани тазарудың кезеңі ғана емес, сонымен қатар жақсылық жасау, жақындарға көмек көрсету, айналамызға мейірімділік нұрын шашу уақыты. Өз атымнан және өңіріміздегі барлық діни қызметкерлер атынан барша мұсылмандарды қасиетті айдың басталуымен құттықтаймын, – деді Асқар қажы Әбітайұлы.

Сондай-ақ, ол биылғы пітір-садақаның мөлшері 655 теңге екенін хабарлады. Бұл сома еліміздегі екі килограмм ұнның орташа бағасына негізделіп есептелген. Ал денсаулығына байланысты өмір бойы ораза ұстай алмайтын адамдар мұқтаж жандарға 1 күндік тамақтану ақысына сәйкес келетін Підия садақасын беруіне болады. Оның биылғы мөлшері 3 520 теңге мөлшерінде бекітілді.

Абай облысы Дін істері басқармасының бас маманы Жасұлан Амангелдіұлы Рамазан айы тек ораза ұстаумен шектелмей, сонымен қатар қоғам бірлігін нығайту кезеңі екенін атап өтті.

– Қасиетті Рамазан айында біздің мемлекетіміздің моральдық құндылықтары айқын көрініс табады. Осы кезеңде мемлекет аз қамтылған отбасыларды, ардагерлер мен жалғызбасты азаматтарды қолдауды күшейтеді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы шаралар қабылданады. Сонымен қатар, мәдени және рухани іс-шаралар ұйымдастырылып, халыққа рухани қолдау көрсетіледі, – деп атап өтті Жасұлан Амангелдіұлы.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы