Аса қауіпті аурулардың алдын алу мақсатында барлық ветеринариялық-профилактикалық шаралар өз уақытында және толық көлемде жүргізілді.
Бородулиха ауданының «Облыстық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ КМК бөлімшесінің қызметкерлері халыққа қауіп төндіретін қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстарын жүзеге асырды.
Жоспарға сәйкес үй жануарларын чиптеу жүргізілуде және олар Таңба базасына тіркелуде.
Округте 1 ветеринар дәрігер қызмет көрсетеді.