Республикалық экологиялық "Таза Қазақстан" акциясы аясында Петропавловка ауылдық округімізде аумақты жинау жұмыстары жалғасуда.
"Діни экстримизмді насихаттайтын әлеуметтік желілердің қауіпсіздігі" тақырыбындағы дөңгелек үстел
Республикалық экологиялық "Таза Қазақстан" акциясы аясында Петропавловка ауылдық округімізде аумақты жинау жұмыстары жалғасуда.
Петропавловка ауылдық округінде Жаңа Жыл қарсаңында "Труд" , "Родина", "Витязь", "Березка", "Василек", "Юпитер", ШҚ округтегі барлық жастағы балаларға және ауыл үлкендеріне жаңа жылдық сыйлықтар таратты.
Балалар Аяз ата мен Ақшақарды өлең, тақпақтармен қарсы алды. Барлық ШҚ басшыларына алғысымызды айтамыз, оның ішінде Лехнер И.А., пен Лехнер А.А., сыйлықтарды таратуға жағдай жасағаны үшін және Аяз ата мен Ақшақар атынан құттықтаулар ұйымдастырғандарына алғысымызды білдіреміз.
Бородулиха ауданының Петропавловка ауылында тағы бір өрт сөндіру пункті ашылды. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов қатысты.
Жаңа пункт аудан шаруа қожалықтарының бастамасымен ашылды. Ол «Труд» шаруа қожалығының базасында орналастырылды. Өрт сөндіру пункті ауданның екі ауылдық округін қамтып, бес елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қос ауылда 1550 тұрғын бар.
Шара барысында облыс әкімі атынан шаруа қожалық жетекшісі Иван Лехнерге Алғыс хат табысталды. Сондай-ақ, Абай облысының ТЖД мен «Труд» шаруа қожалығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Мұндай нысандар төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар халыққа үйлері мен шаруашылықтарын сенімді қорғауға әрекет етеді. Бұл – ауданның қауіпсіздік жүйесін нығайту жолындағы маңызды қадам.