Ауылдық округі келесі елді - мекендерден құралады: Петропавловка ауылы, Мещанка ауылы, Изатулла ауылы, Воскресеновка ауылы Ара қашықтық Петропавловка елді мекеннен облыс орталығына дейін 260 шқ, аудан орталығына 60 шқ. Мещанка елді мекеннен облыс орталығына дейін 280 шқ., аудан орталығына 80 шқ., ауылдық округ орталығына 20 шқ. Изатулла елді мекеннен облыс орталығына дейін 272 шқ, аудан орталығына 72 шқ, ауылдық округ орталығына 12 шқ.
Воскресеновка елді мекеннен облыс орталығына дейін 252 шқ., аудан орталығына 65 шқ., ауылдық округ орталығына 18 шқ.
Ауылдық округ халық саны -1336 адам. Ауылдық округ аумағының жалпы алаңы -30359,65 га, оның ішінде елді –мекен аумағы -224,15 га, ауышаруашылық жерлер -30135,5 га.
Ауылдық округ аумағы Петропавловка ауылыңда Т. Аманов атындағы орта мектеп бар, жаңында шағын орталық жұмыс жасайды, қазіргі уақытта 25 бала барады және Мещанка ауылыңда бір бастауыш мектеп.
Әкімдік ғимаратыңда кітапхана орналасқан, кітап қоры - 16319 дана, оның ішінде 2849 мемлекеттік тілде. Осы кітапханада кітап көрмелері, сұхбаттасу, дөңгелек үстелдер өтеді. Осында Казпошта бөлімшесі де орналасқан.
Білікті дәрігерлік қөмек көрсететін дәрігерлік амбулатория қызмет етеді, онда 1 дәрігер және 5 медперсонал жұмыс істейді.
Округте 55 шаруашылық құрылымы тіркелген, оның ішінде 1 ЖШС,
12 - ЖЖ, шаруа қожалықтар - 42.
Біздің округте кәзір 7 жеке кәсіпкер жұмыс істейді, олардың ішінде 5 дүкен және 2 кәсіпорын өндіруші.
Округте «Мегалайн» интернет және 50 абонент сымсыз телефон жұмыс істеп тұр, «Актив», «Билайн» мобильдік байланыс қызмет жасайды. 2014 жылдан «Теле-2» мобильдік байланыс пайданалымға кіргізілді.
Ауылда үнемі жеке тұрғын үй құрылысы жүргізіледі.
2014 жылы- жоспарланған 218 ш.м орнына 709 ш.м еңгізілді, 2015 жылы жылдың аяғына дейін екі тұрғын үй еңгізу жоспарлануда.