2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық кодексі күшіне енеді.
Жаңа кодекстегі негізгі өзгерістердің бірі – салықтық әкімшілендіру кезіндегі бюрократиялық процестерді оңтайландыру. Бұл туралы Толықрақ Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Асем Турлыбекова айтып берді.
– Жаңа өзгерістерге сәйкес, егер салық төлеуші салық есептілігін белгіленген мерзімде тапсырмаса, оны тапсыру мерзімі өткеннен кейін ақпараттық жүйе автоматты түрде төлеуге жататын салық сомасы нөл теңгеге тең болатын салық есептілігін қалыптастырады. Бұл норма есептілікті тапсырмау бойынша хабарламалар жібермеуге, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығармауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 272-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпауға мүмкіндік береді. Осылайша, бизнеске қолданылатын ықпал ету шаралары едәуір қысқарады, – деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, егер мемлекеттік кірістер органдары салық салынатын айналымдарды анықтаса, салық төлеушіге әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады. Алайда салық төлеуші өзі декларацияланбаған кірістерді анықтап, қосымша салық есептілігін ұсынған жағдайда, оған ешқандай шара қолданылмайды.
– Айта кету керек, салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыру тек салық төлеушінің жеке кабинетінде ұсынылуға тиіс салық есептілігі нысандары алдын ала көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Егер қажетті нысандар есептік деректерде көрсетілмесе, жүйе есептілікті автоматты түрде қалыптастыра алмайды. Осыған байланысты салық төлеушілерге есептік ақпараттағы мәліметтерді алдын ала жаңарту ұсынылады. Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап «Салық есептілігін кері қайтарып алу» қызметі жойылады. Бұл есептілік тапсырылғаннан кейін өзгерістерді тек қосымша салық есептілігін ұсыну арқылы ғана енгізуге болатынын білдіреді. Сондықтан салық төлеушілер декларацияларды толтыру кезінде жауапкершілікпен қарап, оларды жібермес бұрын барлық деректердің дұрыстығын мұқият тексеруі қажет.
Переменовка ауылдық округінде еріктілердің қатысуымен қар тазалау іс-шарасы өтті. Жастар белсенділік танытып, көшелер мен қоғамдық аумақтарды қардан тазартуға атсалысты.
Мұндай игі істер — ауылымыздың көркеюіне қосылған үлкен үлес.
Барша еріктілерге алғыс білдіреміз!
Enbek.kz сайтында қараша айында орналастырылған бос жұмыс орындарының 73%-ы біліктілікті талап етеді
2025 жылғы қараша айында Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында 101,1 мың бос жұмыс орны орналастырылды, оның 73%-ы біліктілікті талап ететін лауазымдар. Алдыңғы аймен салыстырғанда бос жұмыс орындарының жалпы саны 23%-ға, оның ішінде біліктілікті талап ететін вакансиялар 26%-ға қысқарды. Өз кезегінде жұмыс іздеушілер 101,3 мың түйіндеме жариялады, бұл қазан айымен салыстырғанда 11%-ға аз, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қараша айында бос жұмыс орындарының жалпы саны азайғанына қарамастан, бірқатар салаларда оң динамика байқалды. Атап айтқанда, тау-кен өндіру өнеркәсібінде бос жұмыс орындарының саны 26%-ға (+344 бірлік) артып, 1,7 мыңға жетті; әкімшілік қызмет саласында 19%-ға (+368 бірлік) өсіп, 2,3 мыңға жетті; ауыл шаруашылығында 11%-ға (+828 бірлік) артып, 8,3 мыңды құрады; ал тұру және тамақтану қызметтерін көрсету саласында 2%-ға өсіп, 1,8 мың вакансияға жетті.
Ең айқын қысқару ойын-сауық және демалыс қызметтері саласында тіркелді – 55%-ға (-3 мың бірлік) қысқарып, 2,4 мыңға дейін; мемлекеттік басқаруда – 40%-ға (-3,4 мың) азайып, 5,2 мыңға дейін; энергетикада – 38%-ға (-1,5 мың) төмендеп, 2,4 мың вакансияға дейін қысқарды. Басқа салаларда төмендеу анағұрлым қалыпты болды.
Бос жұмыс орындарының азаюы маусымдық факторлармен байланысты, ең алдымен, жылу беру маусымының басталуына орай экономиканың түрлі салаларындағы кәсіпорындарда қазандық қондырғылары қызметкерлеріне деген қажеттіліктің қанағаттандырылуы есебінен болды.
Өңірлік бөліністе қараша айында Жетісу облысынан басқа барлық облыстарда бос жұмыс орындарының саны азайды (+11%, 2,7 мыңға дейін). Ең үлкен қысқару Батыс Қазақстан (-4,7 мың, 3,7 мыңға дейін), Жамбыл (-3,8 мың, 5 мыңға дейін) және Атырау (-2,5 мың, 4 мыңға дейін) облыстарында тіркелді – тиісінше 124%, 75% және 61%.
Орналастырылған бос жұмыс орындарының саны бойынша көшбасшылар Түркістан облысы (11,1 мың), сондай-ақ Астана (9,3 мың) және Алматы (7,2 мың) қалалары болды. Аталған өңірлердің үлесіне қараша айында жарияланған барлық вакансиялардың төрттен бірінен астамы тиесілі.
Ең сұранысқа ие мамандықтар қатарында мейіргер/медбике – 1,9 мың, санитар(-ка) – 1,8 мың, тәрбиеші және автокөлік жүргізушісі – әрқайсысы 1,5 мың вакансия болды.
Қараша айында орта есеппен ең жоғары жалақы деңгейі бас құрылысшыларға (640 мың теңгеден жоғары), өндірістік учаске бастықтарына (595 мың теңгеден бастап) және авиациялық диспетчерлерге (568 мың теңгеден жоғары) ұсынылды. Ал жалақы бойынша ең жоғары күтулер ұшқыш (орташа 1,9 млн теңге), коммерциялық ұйымдардағы IT-бөлімше басшысы және бас геолог (шамамен 1,2 млн теңгеден) лауазымдарына үміткерлерде байқалды.
Осылайша, 2025 жылғы қараша айында Enbek.kz платформасында жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің белсенділігі төмендеуі жалғасты, бұл ең алдымен маусымдық түзетулермен байланысты. Сонымен қатар сұраныс пен ұсыныстың салалық және біліктілік құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ.
Орловка ауылының тұрғындарымен кездесу. Күн тәртібі: мал жаю ережелері. Ауыл тұрғындарының назарын жануарларды қараусыз қалдыруға болмайды. Олар ұрлық объектісіне айналуы немесе ең қайғылы салдарлармен жол-көлік оқиғасының себебі болуы мүмкін, сіздер білесіздер және Жезкент-Новодворовка тас жолында апат болғанын естігендей, ең болмағанда бәрі көліктің мыжылып қалғаны жақсы болды, ал егер оның салдары одан да қорқынышты болса- деп округ әкімі Қ. Е. Қоңыров сөз сөйледі. Округтің учаскелік инспекторы Т. А. Смағұлов кездесулер мен жиналыстарда темір жол төсемінің жанында мал жаю және айдау ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыратынымызды түсіндірді. Ауыл аумағында және одан тыс жерлерде қараусыз жайылып жүрген қаңғыбас малды (жылқыларды) жиі байқаймын. Естеріңізге сала кетейік, бұл үшін автомобиль жолында, сондай-ақ теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қалай ұйымдастырылған
Қар түріндегі жауын-шашынның мол түсуіне байланысты округ аумағында қарды кешенді түрде тазалау жұмыстары жалғасуда.
«Сыдыкова» ЖК қоғамдық ғимараттардың маңындағы жолдар мен жаяу жүргіншілер тротуарларын қар құрсауынан тазалау жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізуде.
Қар тазалау жұмыстары барлық аумақта белсенді түрде жалғасын табатын болады.