GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
25 декабря 2025
2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді

Жаңа кодекстегі маңызды өзгерістердің бірі – салықтық әкімшілендірудегі бюрократиялық процестерді оңтайландыру. Бұл туралы толығырақ Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Әсем Тұрлыбекова баяндады.

 

- Жаңа өзгерістерге байланысты, егер салық төлеуші салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсынбаса, есептілікті тапсыру мерзімі өткеннен кейін ақпараттық жүйе салық төлеуге жататын сомасы нөл теңге болатын салық есептілігін автоматты түрде қалыптастырады. Бұл норма салық есептілігін ұсынбағаны үшін хабарламалар жібермеуге, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығармауға, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 272-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпауға мүмкіндік береді, яғни бизнес үшін жазалау шаралары азаяды, - деп атап өтті спикер.

 

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдары тарапынан салық салынатын айналымдар анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады. Ал егер салық төлеуші мәлімделмеген кірістерді өз бетінше анықтап, қосымша салық есептілігін тапсырса, оған ешқандай шара қолданылмайды.

 

- Айта кету қажет, салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыру тек салық төлеушінің жеке кабинетінде (СӘИЖ СТК) ұсынылуы тиіс салық есептілігінің нысандары алдын ала көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асады. Егер дерекнамада қажетті нысандар көрсетілмесе, жүйе есептілікті автоматты түрде қалыптастыра алмайды. Осы себепті салық төлеушілерге дерекнамадағы мәліметтерді алдын ала өзектендіру ұсынылады. Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап «Салық есептілігін кері қайтарып алу» қызметі алынып тасталады. Бұл дегеніміз, салық есептілігі ұсынылғаннан кейін оған өзгерістер енгізу тек қосымша салық есептілігін тапсыру арқылы ғана мүмкін болады. Сондықтан салық төлеушілер декларацияларды толтыруға жауапкершілікпен қарап, жіберер алдында барлық мәліметтердің дұрыстығын мұқият тексеруі қажет,- деді Асем Тұрлыбекова.

 

Салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесінде (СӘИЖ) салық есептілігінің негізгі нысандарын тапсыру кезінде салық органының коды салық төлеушінің тіркеу орны бойынша автоматты түрде анықталып көрсетіледі. Бұл бұрын жиі кездесетін қателіктердің алдын алуға бағытталған. Дегенмен, қажет болған жағдайда салық төлеуші салық органының кодын дербес редакциялай алады. Толығырақ Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Жұлдыз Мусина кеңінен тарқатты.

 

- Салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту нормасы жойылады, яғни декларация тапсыру мерзімін кейінге қалдыру заңнамада енді көзделмейді. Осыған байланысты салық төлеушілерге есептілікті алдын ала жоспарлап, белгіленген мерзімде уақтылы тапсыру ұсынылады.Аталған өзгерістер ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №695 бұйрығына сәйкес енгізіліп отыр. Бұл бұйрықта салық есептілігінің нысандары, оларды толтыру тәртібі мен түсініктемелері, сондай-ақ есептілікті қабылдау және ұсынуды тоқтата тұруға қатысты мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары нақты айқындалған. Жаңа нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және осы күнге дейін туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады, - деп түйіндеді басқарма басшысы.

ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік
10 декабря 2025
Кәсіпкерлік

Абай облысында 54 мыңға жуық кәсіпкер заңды түрде жұмыс істейді

Мемлекетке тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысу бюджетке түсетін салықтардың азаюына, көлеңкелі экономиканың ұлғаюына және адал жұмыс істейтін кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіруге алып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Әсем Тұрлыбекова толығырақ баяндады.


- Кәсіпкердің негізгі міндеті – табыс тапқан жағдайда барлық қажетті салықтар мен міндетті төлемдерді уақтылы төлеу. Мемлекеттік тіркеу кәсіпкерлік қызметті заңдастырумен қатар, тұтынушылар мен серіктестер үшін де сенімділік тудырады. Тіркелген кәсіпкер өз тауарларының, қызметтерінің сапасына жауап береді, шарттық міндеттемелерді орындауға міндетті. Қандай да бір даулы жағдай туындаған кезде тұтынушы өз құқықтарын заңды түрде қорғауға мүмкіндік алады. Ал тіркелмеген кәсіпкер құқықтық алаңнан тыс әрекет етеді, бұл нарықтағы барлық қатысушылар үшін тәуекелдер туындатады, - деді басқарма басшысы.

Сонымен бірге, тіркеу кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаудың түрлі тетіктеріне, жеңілдетілген несиелерге, мемлекеттік сатып алуға қатысуға және заңды бизнеске ғана қолжетімді басқа да мүмкіндіктерге жол ашады. Демек, тіркелу тек заң талабы ғана емес, сонымен бірге бизнестің тұрақты дамуына мүмкіндік беретін маңызды қадам.

- Заңсыз кәсіпкерлік қызмет әділ бәсекелестікке кері әсерін тигізеді. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 35-бабының 2-тармағына сәйкес, дара кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті тұлғалар жалдамалы қызметкерлерді тұрақты негізде пайдаланатын немесе жылдық табысы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын жеке тұлғалар. Ал жалдамалы еңбекті қолданбайтын және тек салық салынатын белгілі кірістерді ғана алатын жеке тұлғалардың тіркелмеу құқығы сақталады. Мұндай кірістерге мүліктік табыс, Қазақстан Республикасынан тыс көздерден түсетін кірістер, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша төлемдер және жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірістер жатады. Бұл табыстар 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығына жатқызылады және 270.00 нысанды декларация арқылы рәсімделеді, - деп толықтырды спикер.

Сонымен қатар, тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылады. ҚР ӘҚБтК-нің 269-бабына сәйкес алғаш анықталған жағдайда ескерту беріледі, ал қайталанған фактіде айыппұл салынады: жеке тұлғаларға – 8 АЕК, жеке кәсіпкерлерге және КЕҰ-ға – 15 АЕК, орта бизнеске – 30 АЕК, ірі бизнеске – 70 АЕК. Бұл туралы толығырақ Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Дияз Раимханов тарқатты.

- Абай облысы бойынша жүргізілген бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылдың 11 айында 32 құқық бұзушылық анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша жалпы сомасы 3 137 736 теңге көлемінде айыппұлдар салынды. Сонымен қатар, тіркеусіз жылжымайтын мүлікті жалға беру фактілері бойынша түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, нәтижесінде “Жалға алу және тұрғын үйді басқару” қызметі бойынша 195 тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Өткен жылдар үшін 3,2 млн теңге салық сомасына 11 салық төлеуші декларация тапсырды. Сонымен қатар, 32 жеке тұлғаға жалға беруден түсетін табыстар бойынша тіркелу және салық төлеу қажеттілігі түсіндірілді, - деді Диаз Раимханов.

Жалпы облыс бойынша жыл басынан 11 886 жеке кәсіпкер тіркелсе, оның 343-і ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде рәсімделген. Заңсыз кәсіпкерліктің алдын алу бағытында мемлекеттік кірістер органдары тұрақты түрде дөңгелек үстелдер, кездесулер, семинарлар және көшпелі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Жыл басынан бері осындай 584 шара өткізілген.

09 декабря 2025
Кадрлық әлеуетті күшейту

 

Денсаулық сақтау вице-министрі Абай облысындағы медицина саласының жағдайымен танысты

 

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Семей қаласына жасаған жұмыс сапары барысында жергілікті БАҚ өкілдермен кездесу өткізіп, Қазақстандағы медицина саласын жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы айтып берді және өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

 

Тимур Мұратовтың айтуынша, салалық реформалар тек емдеу процесімен шектелмей, денсаулық сақтау жүйесінің негізгі тетіктерін жаңғыртуға бағытталған. Басты басымдықтардың бірі – МӘМС жүйесін жетілдіру және одан әрі дамыту.

 

– Қазіргі уақытта жүйеге 3,5 миллионнан астам азамат қатысуда. Халықты МӘМС-ке қамтуды одан әрі кеңейту жұмыстары жалғасады. Саланың ішінде терапиялық дерматология, онкология және басқа да бағыттар бойынша медициналық көмектің сапасын арттыруға ерекше мән беріліп отыр. Басты мақсат – халықты шынымен сапалы еммен қамтамасыз ету, – деді вице-министр.

 

Алдағы уақытта басым бағыттардың бірі дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету. Вице-министрдің айтуынша, азаматтар үшін маңызды мәселе  дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру тетіктерін жетілдіру.

 

– 2026 жылы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемі биылғы жылмен салыстырғанда артады. Қазіргі уақытта сатып алу рәсімдері толық аяқталды.  Денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер қатарында ана мен бала өлім-жітімінің төмендеген. 2027 жылдан бастап елімізде туу көрсеткіші артады деген демографиялық болжам бар. Осыған байланысты алдағы кезеңдегі негізгі міндеттердің бірі акушерлік стационарларды жөндеу, жаңғырту және олардың санын көбейту, – деді Тимур Мұратов.

 

Бүгінде медициналық инфрақұрылымды, соның ішінде шағын елді мекендердегі нысандарды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы бағытта бірқатар жергілікті медициналық ұйымдарда жаңғыртуды талап ететін мәселелер бар.

 

– Бүгін Абай облысындағы бірнеше медициналық ұйымға барып, олардың қазіргі жағдайына баға бердік. Жоспарға сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалады және тиісті қаржыландыру көздері айқындалады, – деп қорытындылады вице-министр.

 

10 февраля 2025
Облысымызда жылу маусымы қалыпты

Абай облысында жылу маусымы штаттық режимде өтуде. Сондай-ақ жылу көздеріндегі жылу тасымалдағыштың параметрлері нормативтік көрсеткіштерге сәйкес келеді. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырханов баяндады.

Бүгінде облыс орталықтандырылған жылумен жабдықтау қуаты сағатына 100 Гкал асатын 4 ірі және сағатына 100 Гкал кем 41 жылу көздерімен қамтамасыз етіледі. Автономды қазандықтардың саны 330. Облыстағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 401,8 шақырым болса, оның 322 шақырымы Семей қаласына тиесілі. Семей қаласын жылумен жабдықтауды 21 қазандық және «Теплокоммунэнерго» МКК №1 ЖЭО жүзеге асырады. Одан бөлек 76 орталық жылу пункттері бар.

«Жылу маусымы басталғаннан бері жылумен жабдықтау желілерінде тіркелген технологиялық бұзушылық айтарлықтай азайды. Нақты айтар болсақ, 2023-2024 жылдардағы күзгі қысқы кезеңге қарағанда 46%, жылу көздерінде 78% дейін төмендеді. Сондай-ақ электрмен жабдықтау желілерінде тіркелген авариялық ажыратулар өткен жылу маусымының ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11%-ға аз. Авариялық қызметтердің қызметкерлері технологиялық бұзушылықтарды уақтылы және нормативтік регламенттер шеңберінде жойып отырады», - деді облыстық басқарма басшысы.

Өңірдің көмірге жалпы қажеттілігі 1 млн 247 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде тұрғындарға қажетті көмірдің 83%, жылу көздері үшін 56%, әлеуметтік нысандар үшін 100% жеткізілді. Облыстың коммуналдық-тұрмыстық секторы және жылу көздеріне көмірді уақтылы жеткізу үшін «Қаражыра» АҚ және «ҚТЖ» АҚ-мен бірлескен кесте бекітілген. Тұрғындар мен коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір сататын 16 пункт жұмыс істейді (12 теміржол тұйығы және 4 ірі қойма). Барлық нысандар қажетті техникамен, жүк көлігі үшін кіру тұрақтармен жабдықталған. Басқарма облыстың елді мекендеріне көмірдің қажеттілігі мен жеткізілуіне күнделікті мониторинг жүргізеді.

«2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында облыста 22 жоба ақталды. Осы жобалар шеңберінде 26,1 шақырым жылу желілері мен 17 жылу көздерінде жұмыс жүргізіліп, жоспардың 100 % орындалды. Оның ішінде Семей қаласы бойынша 14,7 шақырым қайта жаңарту, 4,8 шақырым желілер мен 10 жылу көздеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 2024 жылы облыстың жылу желілерінің тозуы 64,2%-дан 60,3%-ға дейін төмендеді. Ал 2025 жылы қалған жобаларды толық аяқтау, сондай-ақ екі жаңа жобаны іске асыру нәтижесінде тозуды 57,6% дейін төмендету күтілуде», - деді Жандос Маратұлы өз баяндамасында.

Әкімдік отырысында облыс кәсіпорындары мен заңды және жеке тұлғалардың коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешегі талқыланды. Осыған байланысты аймақ басшысы нақты шараларды қолға алып, қарызбен күресті күшейтуді тапсырды.

«Атқарушы билік өз тарапынан облыс тұрғындарын жылумен, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етуге бар күшін салады. Жылу мәселесі менің жеке бақылауымда. Дегенмен, тұтынушылар өз жауапкершілігін сезінуі тиіс деп есептеймін. Коммуналдық қызметке уақытында төленген өтемақы жылу маусымын ойдағыдай аяқтауымызға септігін тигізетіндігін ескергеніміз жөн. Осыған орай өз орынбасарларым мен басқарма басшылары, қала және аудан әкімдеріне берешекті өтеу бойынша жұмысты жандандыруды тапсырамын», -деді облыс әкімі.

03 июля 2024
Барлық мемлекеттік қызметтер үшін «Бір» ЭЦҚ

Процестерді оңтайландыру және электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін алу, сақтау және пайдалану тәртібін жеңілдету үшін Ұлттық сертификаттау орталығы екі электрондық цифрлық қолтаңба кілтін беру және пайдаланудың ағымдағы процесінен тек бір кілтті пайдалануға көшті, яғни. жеке және заңды тұлғаларға ГОСТ алгоритмінде бір кілт беріледі, ол авторизациялау үшін де, қол қою үшін де қолданылады.

«Мемлекеттік қызметтерді алудың бір жолы - электрондық цифрлық қолтаңба кілттері. Жаңа цифрлық технологияларды енгізу кезінде қазіргі шындықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету және криптографиялық стандарттардың ағымдағы нұсқаларын пайдалану қажет. Бұл стандарт бұрынғы » стандартымен салыстырғанда цифрлық қолтаңба кілтінің ұзындығын екі есеге арттырды, деп атап өтті директордың м.а. "«National Information Technologies»" АҚ басқарма төрағасы Дмитрий Мун.

Негізгі өзгерістерге мыналар жатады:

- Бір тіркеу куәлігі: авторизацияға және қол қоюға арналған екі тіркеу куәлігінің орнына енді сандық кілттерді басқару процесін жеңілдететін біреуі ғана шығарылады.

- Ескі электрондық цифрлық қолтаңбаның жарамдылық мерзімі: ГОСТ 2015 алгоритміне көшкенге дейін бұрын шығарылған барлық электрондық цифрлық қолтаңбалар олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

- Жаңарту оңай: мобильді қосымшада жаңа ГОСТ 2015 стандартын пайдалану үшін eGov Mobile қолданбасын жаңарту жеткілікті.

eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық қолтаңбаны пайдалану тәртібі:

1.Қолданбаның жоғарғы сол жақ бұрышында «Кіру/Тіркеу» таңдаңыз.

2.«түймесін басыңыз Авторизация үшін менің электрондық цифрлық қолтаңбамды пайдаланыңыз.

3.«опциясын іске қосыңыз ГОСТ 2015» электрондық цифрлық қолтаңбасына кіріңіз.

4.Электрондық цифрлық қолтаңбаға жолды енгізіп, құпия сөзді енгізіңіз.

5.«Кіру» түймесін басу арқылы кіруді растаңыз және жылдам кіру кодын орнатыңыз.

6.Қауіпсіздікті арттыру үшін Face ID немесе Touch ID арқылы биометриялық сәйкестендіру опциясын пайдаланыңыз.

Заңды тұлғалардың пайдалануына арналған келесі талап етілмеген үлгілер де қолжетімді үлгілер тізімінен алынып тасталды:

- «Қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер

- «Кадр бөлімінің қызметкері.

https://www.nitec.kz/index.php/ru/news/odna-ecp-dlya-vsekh-gosudarstvennykh-uslug

03 июля 2024
eGov.kz емханаға тіркелу қызметін жаңартты

Енді емханаға бекіту қызметі тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана емес, сонымен қатар ел қандастары мен резидент еместерге де қолжетімді. Енді медициналық мекемеге тіркелу процесінде пайдаланушылар дәрігерді таңдай алады, сонымен қатар медициналық қызмет көрсету аймағының нөмірі туралы ақпаратты көре алады.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу қызметі eGov.kz сайтында ең танымал қызметтердің бірі болып қала береді. 2024 жылдың 6 айында ғана портал емханаларға тіркелу үшін 1,2 миллионнан астам өтінім берді.

Қызметті тұрғылықты жеріңізді өзгерткен жағдайда ғана емес, сонымен қатар жылына бір реттен жиі емес (15 қыркүйектен 15 қарашаға дейінгі кезеңде) медициналық тіркеу ұйымын өзгерткіңіз келсе де пайдалануға болады.

Қызмет үш қадаммен жүзеге асырылады:

- eGov.kz порталына кіріп, «Healthcare» бөліміне өтіңіз;

- қызметтер тізімінен «Емханаға тіркелуді таңдап, барлық қажетті өрістерді толтырыңыз;

- ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойыңыз.

Белгіленген уақыт ішінде келіп түсетін өтінішіңіз өңделіп жатқанда, қызметтің нәтижесін Жеке кабинетте көре аласыз.

Қызметтің жаңа функционалдығы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және "«Ұлттық ақпараттық технологиялар»" АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.

https://www.nitec.kz/index.php/ru/news/egovkz-obnovil-uslugu-prikrepleniya-k-poliklinike

04 марта 2024
Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдады

Нұрлан Ұранхаев:

облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады:

       – былтыр өңір экономикасына 568,9 миллиард теңге инвестиция салынған. Бұл орайда өсім 132,7 пайыз болса, оның ішінде жеке инвестиция көлемі 131,5 пайызға артқан;

       – жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 107,1 пайызға ұлғайып, 53,2 мыңға жеткен;

       – өнеркәсіп өндірісі 105,1 пайызға, ауыл шаруашылығы өсімі 103,5 пайызға, құрылыс көлемі 119,1 пайызға артқан;

Президенттің тапсырмасына сәйкес облыста Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспары іске асырылып жатқанын айтты:

       – жоспарда инвестиция көлемі 1,9 триллион теңге болатын 102 жоба қамтылған;

       – «Қаражыра» кен орнында көмір-химия кешенін және қуаты 1 ГВт болатын үшінші жел электр станциясын салу жобалары пысықталып жатыр;

шекара маңындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді:

       – ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен бірлесе отырып, инвестициялық жобалар және шекарадан өткізудің уақытша пунктін салу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген;

       – өңір туризмінің дамуына серпін беретін «Семей – Тачэн (Шәуешек)» әуе рейсін ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр;

       – Татарстан Республикасымен ынтымақтастықты дамытудың жол картасына қол қойылған;

үшінші жылу электр орталығы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу барысы жөнінде баяндады:

       – алдын ала есепке сәйкес, жоспарланған жылу қуаты 1200 Гкал/сағатты және электр қуаты 360 МВт-ты құрайды;

       – өңір тұрғындарын таза ауызсумен толық қамтамасыз ету үшін 46 жобаны іске асыру қарастырылған.

Сонымен қатар:

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 5700 оқушыға арналған 11 мектеп салу жоспарланған;

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2025 жылға дейін облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 65 нысан салынады. Олардың құны 10,8 миллиард теңгені құрайды.

29 февраля 2024
су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындық

Новошульба ауылдық округіне Абай облысы ТЖД ТЖБ, Абай облысы әкімі аппаратының "Абай облысын жұмылдыру және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету қызметі" КММ, Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері, аудан әкімінің жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс жөніндегі бас инспекторы, Ертіс бассейндік инспекциясы, Бородулиха ауданының ТЖБ , Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының,  "Аманат" партиясының өкілдері ауылдық округтің су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындығын жоспарлы тексеру үшін келді. "Веселовский" тоғанына, Мәдениет үйі жанындағы эвакуациялық пунктке барды.

29 февраля 2024
2023 жылы" Ұрпақтар келісімшарты " жобасы аясында 500-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша 2023 жылы 500-ге жуық адам жұмысқа орналасты2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы арқылы Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде 493 адам жұмысқа орналастырылды.Толығырақ ortcom.kz сайтында🔸

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы