Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 79-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына және «Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 42-14-VIII шешіміне сәйкес, Новошульба ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1) кірістер – 125810 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 49948 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3000 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 72862 мың теңге;
2) шығындар – 125810 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге.