Бюджет

«Бородулиха ауданы Новошульба

ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға

арналған бюджеті туралы» Бородулиха

аудандық мәслихатының 2024 жылғы

30 желтоқсандағы № 28-14 – VIII шешімін

іске асыру туралы»

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 79-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына және «Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 28-14-VIII шешіміне сәйкес, Новошульба ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

  1. Новошульба ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде орындауға қабылдансын:

1) кірістер – 170929 мың теңге, соның ішінде: 

салықтық түсімдер – 33762 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 100 мың теңге;

трансферттер түсімі – 137067 мың теңге;

2) шығындар – 170929 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                    0 теңге.

  1. 2025 жылға арналған Новошульба ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның көлемі 73800 мың теңге сомасында көзделсін.
  2. 2025 жылға арналған Новошульба ауылдық округінің бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 1970 мың теңге сомасында көзделсін.
  3. Новошульба ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 61297 мың теңге сомасында көзделсін.
  4. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
10 декабря 2025