2025-2027 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округінің бюджеті туралы

«2025-2027 жылдарға арналған  Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округінің бюджеті туралы»

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының                          2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және Бородулиха аудандық мәслихатының ___________«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Новошульба ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 170929 мың теңге, оның ішінде: 

салықтық түсімдер – 33762 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 100 мың теңге;

трансферттер түсімі – 137067 мың теңге;

2) шығындар – 170929 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттен Новошульба ауылдық округінің бюджетіне берілетін бюджеттік субвенция көлемі 73800 мың теңге сомасында көзделсін.
  2. 2025 жылға арналған Новошульба ауылдық округінің бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 1970 мың теңге сомасында көзделсін.
  3. Новошульба ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджетінде аудандық бюджеттен 61297 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
  4. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
10 февраля 2025