18 ақпанда Красный Яр ауылының және Речное ауылының тұрғын алаптарын су басуға жол бермеу мақсатында Уба өзенінің арнасына комиссиялық тексеру жүргізілді.
15 ақпанда Шульбинск су қоймасында, Жерновка ауылдық округінің аумағында, мұз астынан балық аулауға әуесқойлар жиналып, өз бақтарын сынап, шеберліктерін тексеріп, жарыстың ерекше атмосферасын сезінді. Жұмысшы кәсіптер жылы аясында ұйымдастырылған «Міне, нағыз балықшы!» фестивалі аудан балықшылары үшін нағыз мерекеге айналды.
Таңертең ерте Бородулиха ауданының ауылдық округтерінен келген қатысушы командалар мұз үстіне жайғасып, құрал-саймандарын дайындап, күннің басты міндетіне – мүмкіндігінше көп балық аулауға кірісті. Жарыс төрт сағатқа созылды, бұл уақыт ішінде әр балықшы екі ілмегі бар бір қармақпен қалаған жемін пайдаланып балық аулады. Бұл күні балықшылар үшін ең басты көмекші – құмарлық, шыдамдылық және су қоймасын жақсы білу болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Үздік нәтиже көрсеткен Краснояр ауылдық округінің командасы 5 кг балық аулап, бірінші орынды иеленді. Екінші орынды 3 кг-нан астам балық аулаған Белағаш округінің командасы алса, үшінші орын 2,7 кг балық аулаған Бородулиха округіне бұйырды.
Сондай-ақ номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды:
«Ең жас балықшы» – Захар Крапотин
«Ең егде балықшы» – Мұрат Байзақов
«Ең үлкен балықты ұстаған» – Дәулет Сержанов
«Ең кішкентай балықты ұстаған» – Геннадий Помельников
Олардың жетістіктері аудан әкімінің грамоталарымен және естелік сыйлықтармен атап өтілді.
Жарыстың бас төрешісі Петр Куркачев қатысушылардың жоғары деңгейде дайындалғанын және ережелердің толық сақталғанын атап өтті.
Фестиваль қатысушыларға жарыс рухын ғана емес, сондай-ақ жылы қыс күнінде жайлы қарым-қатынас орнатуға, тәжірибе алмасуға және жақсы көңіл-күй сыйлады.
Қатысуға өтінімдер алдын ала қабылданды, ал жарыс жергілікті тұрғындардың үлкен қызығушылығын тудырды. Әрбір қатысушы жүлделі орындарға таласумен қатар, қауіпсіздік техникасын сақтауға да мән берді. Ұйымдастырушылар су қоймасындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын тағы бір рет еске салды.
https://www.instagram.com/p/DGLBSIONfsj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Красный Яр ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасуда
Красный Яр ауылдық округінде "Таза Қазақстан" республикалық акциясы жалғасуда
Бүгін 28.03.2024 жылы Красный Яр ауылында Глубокое ауданының ет және сүт өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдады
Нұрлан Ұранхаев:
▪️облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады:
– былтыр өңір экономикасына 568,9 миллиард теңге инвестиция салынған. Бұл орайда өсім 132,7 пайыз болса, оның ішінде жеке инвестиция көлемі 131,5 пайызға артқан;
– жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 107,1 пайызға ұлғайып, 53,2 мыңға жеткен;
– өнеркәсіп өндірісі 105,1 пайызға, ауыл шаруашылығы өсімі 103,5 пайызға, құрылыс көлемі 119,1 пайызға артқан;
▪️Президенттің тапсырмасына сәйкес облыста Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспары іске асырылып жатқанын айтты:
– жоспарда инвестиция көлемі 1,9 триллион теңге болатын 102 жоба қамтылған;
– «Қаражыра» кен орнында көмір-химия кешенін және қуаты 1 ГВт болатын үшінші жел электр станциясын салу жобалары пысықталып жатыр;
▪️шекара маңындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді:
– ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен бірлесе отырып, инвестициялық жобалар және шекарадан өткізудің уақытша пунктін салу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген;
– өңір туризмінің дамуына серпін беретін «Семей – Тачэн (Шәуешек)» әуе рейсін ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр;
– Татарстан Республикасымен ынтымақтастықты дамытудың жол картасына қол қойылған;
▪️үшінші жылу электр орталығы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу барысы жөнінде баяндады:
– алдын ала есепке сәйкес, жоспарланған жылу қуаты 1200 Гкал/сағатты және электр қуаты 360 МВт-ты құрайды;
– өңір тұрғындарын таза ауызсумен толық қамтамасыз ету үшін 46 жобаны іске асыру қарастырылған.
Сонымен қатар:
▪️«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 5700 оқушыға арналған 11 мектеп салу жоспарланған;
▪️«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2025 жылға дейін облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 65 нысан салынады. Олардың құны 10,8 миллиард теңгені құрайды.
❗️Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 140 мыңнан астам қызмет алды
2024 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 110,9 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,4 мың – ымдау тілі қызметін, 24,1 мың – жеке көмекшінің, 3,8 мың – санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды.
Толығырақ ortcom.kz сайтында
Абай облысынан 580 адам әскерге шақырылады
Облыс аумағында көктемгі әскерге шақыру 1 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғаспақ.
Осы уақыт аралығында әскер қатарына 580 жас сарбаз қабылданбақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Нығмет Ахметұлы мәлімдеді.
-Биылғы көктемде Абай облысынан 580-нен астам азамат әскерге шақырылады. Оның ішінде Қарулы күштер қатарына - 250, Ұлттық ұланға - 200, ҰҚК Шекара қызметіне - 110, Мемлекеттік күзет қызметіне - 6 және Төтенше жағдайлар қызметіне 15 бозбала алынбақ, - деді спикер.
Әскерге шақыру комиссияларымен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді.
Баспасөз мәслихаты барысында Нығмет Ахметұлы да әскери қызметкерлердің жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап, олардың қызметке белсене қатысуының маңыздылығына тоқталды.
-Қазір әскерге шақырылғандар кредиттік демалыс алып, әскери-есептік мамандықтар бойынша білім алуда. Еліміздегі 70-тен астам жоғары оқу орны әскери борышын өтеген азаматтарға қосымша жеңілдіктер жасау туралы келісім жасасқан. 2024 жылы осы санаттағы азаматтарға 5 мың мемлекеттік білім грантын, сондай-ақ шәкіртақы мен жатақханада тұрудың басым құқығын беру жоспарлануда, - деп атап өтті департамент басшысы.