
Ветеринарлық-санитарлық саулықты қамтамасыз ету – ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аурулардың алдын алу және халықты зооноздық инфекциялардан қорғау жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Ауылдық округ аумағында аурулардың таралуын болдырмауға, жануарларды күтіп-бағу жағдайларын жақсартуға және ветеринариялық бақылау деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілді.
Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар.
Жылдық ветеринариялық жоспарға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларына жоспарлы вакцинациялар жүргізілді.
Диагностикалық зерттеулер орындалды: бруцеллезге – ІҚМ бойынша 350 бас, ҰҚМ бойынша 1000 бас. Сондай-ақ осы көлемде бруцеллезге серологиялық зерттеулер жүргізілді: ІҚМ – 350 бас, ҰҚМ – 1000 бас. Осындай мөлшерде жануарлар ящурға, нодулярлық дерматитке және сібір жарасына да егілді.
Ветеринариялық дәрігер мен бақташылар комиссиясы ревакцинация мерзімдерін бақылауды және ветеринариялық есеп жүргізуді қамтамасыз етті.