Бүгін Дмитриевка ауылында зорлық-зомбылыққа қарсы 16күндік іс-шара аясында зорлық -зомбылықпен күрестің символы болған қызғылт- сарғыш күн өтті.
Бүгін Дмитриевка ауылында өрт сөндіру пункті ашылды. Жоба " ВостокЛесИндустрия" ЖШС жеке қаражаты есебінде және компания директоры Гилани Умарович Сайдулаев атынан жүзеге асырылды. Жұмыс Абай облысы ТЖД және Бородулиха ауданы әкімдігінің қолдауымен орындалды. Пост тұрғындардың қауіпсіздігі және төтенше жағдайларға дереу жауап беру үшін құрылған.
Бүгін Дмитриевка ауылдық округінде "ВостокЛесИндустрия" ЖШС келісілген шартына сәйкес ТҚЗ тазалау және қайта өңдеу жұмыстарын жүргізді.
Бүгін Дмитриевка ауылдық округінің әкімі Қ. Нұрлыбеков Ы. Алтынсарин атындагы орта мектебінің директоры А. Бекубаевамен бірлесе отырып " Отбасы және дін" тақырыбына сұқбат өткізді.
" Ұстаздар күні" мерекесі қарсаңында Дмитриевка ауылдық округінің әкімі Қ. Нұрлыбеков қарт ұстаздарды келе жатқан мерекемен құттықтап, сыйлық тапсырып, зор денсаулық, отбасылық бақыт тіледі.
Дмитриевка ауылдық округінің әкімшілігі, жергілікті қауымдастық су тасқыны маусымындағы іс- шараға белсенді қатысқан және осы қиын кезеңде үлкен көмек көрсеткен ауыл азаматтарына алғыс білдіреміз.
Дмитриевка ауылдық округінде су тасқынына қарсы іс - шаралар жалғастырылуда. Су ағатын каналдар тазартылып жатыр.
Бүгін аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында жастар арасында " Эко жоба" презентациясы өткізілді. Дмитриевка ауылдық округі атынан жастар қанаты депутаты Құдабаева Диана Мейрембекқызы өзінің жобасын ұсынып, қорғап, бірінші орынға ие болды. Аудан әкімі орынбасарынан мадақтама алды. Жеңіспен құттықтаймыз.