«Абай облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

«Абай облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
  2. «Абай облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әкім аппараты) Дмитриевка ауылдық округі әкімінің және әкімдігінің қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Әкім аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Абай облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округінің әкімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-өкімдік, жеке және шұғыл сипаттағы өкімдер және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілердіқабылдайды.
  8. Әкім аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070404, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Бородулиха ауданы, Дмитриевка ауылдық округі, Гагарина көшесі,42.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Абай облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже әкім аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
  12. Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 Егер әкім аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда сол қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

  1. Мемлекеттік органның мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаттары:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімі мен әкімдігінің, округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындауда Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі әкімінің аппараты мен әкімдігінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру.

2) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің,  облыс, аудан әкімі мен әкімдігінің, оның орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысының және округі әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру;

3) әкімнің нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдерінің және әкімшілік-өкімдік, жеке және жедел сипаттағы мәселелер бойынша өкімдерінің жобаларын дайындау және әзірлеу;

4) Мемлекет Басшысы мен Үкіметінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат дайындауды ұйымдастыру;

5) Әкімнің жергілікті өкілдік және атқарушы органдармен, аудандық ұйымдар және мекемелермен, саяси партия және қозғалыстармен, басқа да қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекет етуін ұйымдастыру;

6) Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округінің әкімі және әкімдігінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; 

7) Бородулиха ауданы Дмитриевка  ауылдық округі әкімі аппаратының кадрлық жұмысын ұйымдастыру;

8) Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізу, хат-хабарды өңдеу, құжат айналымына талдау жасау;

9) азаматтардың өтініштерін, қызметтік құжаттарды, хаттарды қарастыру;

10) Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі әкімінің азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру;

11) Әкім аппаратының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

12) Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша соттарда әкім аппаратының мүддесін ұсыну және қорғау, прокурорлық ықпал ету актілерін қарастыру;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен әкім аппаратына жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру;

14.Құқықтары мен міндеттері:

Әкім аппаратының өз құзыреті шегінде құқығы бар:

мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;

мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалану;

шарттар, келісімдер жасасу;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген, өзге де құқықтарға ие болуға құқығы бар.

Өз құзыреті шегінде әкім аппаратының міндеттері:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімі мен әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

  1. Функциялары:

1) Өз құзыреті шеңберінде ауылдық округ әкімінің аппараты:

жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиыны мен жиналысының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

ауылдық округ бюджетінің жоспарлануы мен орындалуын қамтамасыз етеді; 

жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

ауылдық округ бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, қайта жаңарту және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін)мақсатты және тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен теңгерімнен шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселелері бойынша мемлекет мүддесін білдіреді, ауылдық округтің меншік құқығын (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) қорғауды жүзеге асырады;

сенімгерлік басқарушының жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі)коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

Республика Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан және ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындау барысында ауылдық округ ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындауды жүзеге асырады;

аудан әкімі аппаратына Мемлекет басшысының және Үкіметтің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат дайындауды жүзеге асырады;

әкімнің жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, аудандық ұйымдар мен мекемелермен, саяси партиялар мен қозғалыстармен, басқа да қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

ауылдық округ әкімі аппаратының кадрлық жұмысын жүргізеді;

стратегиялық және индикативтік жоспарларды, әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын дайындауды және іске асыруды бақылауды және қолайлы инвестициялық ахуал жасауды жүзеге асырады;

ауылдық округ әкімдігінің іс қағаздарын жүргізеді, хат-хабарларды өңдейді, құжат айналымын талдайды;

қызметтік құжаттарды, хаттарды,жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

ауылдық округ әкімінің азаматтарды қабылдауын ұйымдастыруды жүзеге асырады;

ауылдық округ әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды жүзеге асырады;

ауылдық округ әкімінің тапсырмасы бойынша соттарда аппараттың мүддесін білдіреді және прокурорлық ықпал ету актілерін қарайды;

мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, жұмыс стилі мен әдістерін жақсарту үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;

ауылдық округ әкіміне округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жағдайын сипаттайтын материалдарды дайындаумен айналысады;

атқарушы билік органдарымен өзара іс-қимылды, әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, тұжырымдамаларды, болжамдарды сапалы дайындау мақсатында олардан уақтылы ақпарат алуды ұйымдастырады, осы жобаларды әзірлеуге және сараптауға қатысады;

ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, жиын, отырыс хаттамаларының уақтылы орындалуына бақылау жүргізеді;

округтегі ішкі саяси ахуалға талдау жасап, ұсыныстар әзірлейді.

2) Жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша ауылдық округ әкімінің аппараты:

өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсаты бойынша пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

аудан әкімімен келісім бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің)міндетті көлемдерін айқындайды;

мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітеді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік орган басшысының оның қызметін ұйымдастыру кезіндегі мәртебесі мен өкілеттіктері
  2. «Дмитриевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ басшылықты әкім аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.
  3. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

18.Әкімнің өкілеттілігі:

азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;

әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген бюджет қаражатын үнемдеу және (немесе) түсімдер есебінен қызметкерлерді еңбек шарты бойынша қабылдайды;

мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес олардың билігінде қалатын;

ауылдық округтің тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша ауылдық округтің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;

бюджетке салық және төленетін басқа да міндеттітөлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілейді;

тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

табысы аз тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызбасты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;

мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

қоғамдық жұмыстарды, жастар тәжірибесін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

мүгедектер қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;

мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

"Алтын алқа"алқасымен наградталған аналарға тұрғын үй бөлуге жәрдемдеседі;

қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жазаның осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;

жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады;

өзара іс-қимыл жасайды жергілікті өзін өзі басқару органдарымен;

шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

жергілікті бюджетті бекіту кезінде аудандық мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;

республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарының, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;

елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда жеке адамдардың спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жұмыспен қамтуға,оның ішінде:

қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін, орындайтын және көрсететін тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;

қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі.

Ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық округ әкімі:

басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға алуға) береді;

берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдерді және әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдерді шығарады және оларға қол қояды;

тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

ауылдық округ әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Әкім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкім аппараты қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Әкім аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Әкім аппаратына бекітілген мүлік ауылдық округтіңкоммуналдық меншігіне (жергілікті өзін-өзі басқару)жатады.     
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, әкім аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Дмитриевка

ауылдық округінің әкімі                                                           Қ. Нұрлыбеков

Дата публикации
12 декабря 2025