Спорт

Дмитриевка ауылдық округінде Бородулиха ауданының БЖСМ волейбол және күрес секциялары жұмыстарын жалғастыруда.

         Футбол және волейбол командалары аудандық жарыстарға белсенді қатысады. Балалар жылына арналған шағын футбол жарысы қорытындысы бойынша округтегі ерлер командасы бірінші орынға ие болды.

         Волейболшылар барлық аудандық және облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Спонсорлық көмек арқылы округке бірыңғай форма және Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі оқушыларына жекелендірілген футболкалар алынды.

Дата публикации
15 марта 2024