Бюджет

Түсіндірме жазба

аудандық мәслихат сессиясы шешімінің жобасына

«2025 – 2027 жылдарға арналған Абай облысы Бородулиха ауданы

Дмитриевка ауылдық округінің бюджеті туралы»

 

 

Дмитриевка ауылдық округі шешімінің осы жобасы Қазақстан Республикасының бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес, Абай облысының 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді.

 

2025 жылға арналған Дмитриевка ауылдық округі бюджетінің жобасы 69436 мың теңге сомасында анықталды, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 14293 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 55143 мың теңге;

шығындар – 69436 мың теңге;

 

«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер»01функционалдық тобы бойынша шығындар 34118 мың теңге сомасында анықталды. Осы функционналдық тобы алатын шығындар:

- әкім аппаратының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге – 34118 мың теңге. Оның ішінде әкімшілік ғимаратының қасбетіне ағымдағы жөндеуіне 5484 мың теңге.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» 07 функционалдық тобы бойынша шығындар 34318 мың теңге сомасында анықталды:

- елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру - 3315 мың теңге;

– елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету - 558 мың теңге;

- елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру – 30445 мың теңге. Дмитриевка ауылының балалар алаңы және спорт кешенін құруға.

«Көлік және коммуникации»автомбиль жолдарының қызметін қамтамасыз етуге 12 функционалдық тобы бойынша сомасы 1000 мың теңге  анықталды.

Бюджеттік есептілік
Дата публикации
05 марта 2024