Халықты әлеуметтік қорғау маңызы бағыттары және қолдау шаралары Әлеуметтік қорғаубұл азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге, олардың әл-ауқатын арттыруға және өмірдегі қиындықтардан қорғауға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі Ол әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуда кедейлік деңгейін төмендетуде және халықтың ең осал топтарын қолдауда шешуші рөл атқарады Әлеуметтік қорғаудың негізгі мақсаттары 1. Аз қамтылған азаматтарды қолдау-қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен адамдарға көмек көрсету 2. Әлеуметтік тұрақтылық азаматтардың лайықты өмір сүру жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету 3. Осал топтарды қорғау-қолдауға мұқтаж балаларға зейнеткерлерге мүгедектерге көп балалы отбасыларға және басқа да санаттарға көмек көрсету 4. Қоғамның дамуы үшін жағдай жасау-халықтың әл-ауқатын нығайту және өмір сүру сапасын арттыру
Жұмыссыз ретінде есепке тұру үшін:
«Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы Бородулиха ауданының Карьерлік орталығына жүгіну;
«Электрондық еңбек биржасы» (enbek.kz порталы) арқылы.
Жеке басын куәландыратын құжатты, білімі және біліктілігі туралы құжаттарды, сондай-ақ соңғы жұмыс орны туралы анықтаманы (егер қолданылатын болса) ұсыну.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш беру үшін:
1) Электрондық үкіметтің kz веб-порталында авторизациялануға, өтінімді толтыруға және ЭЦҚ-ға қол қоюға, банктік шоттың нөмірін көрсетуге;
2) Тұрғылықты жері бойынша Карьерлік орталыққа жүгіну (ауылдық жерде - ауылдық округ әкіміне);
3) Екінші деңгейдегі банктердің мобильдік платформалары арқылы;
4) Отбасының цифрлық картасы арқылы смс-хабарлама жіберу арқылы белсенді қызмет көрсету.
2021 жылдан бастап Қазақстанда https://aleumet.egov.kz/ әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істей бастады. Портал әдеттегі интернет-дүкенді еске салады. Порталға электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып кіруге болады, осы порталға кіру арқылы оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ұсынылған құралды ғана көруге болады.