Құрметті Бородулиха ауданының тұрғындары!
Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-13-VIII шешімінің негізінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілетін мынадай жағдайлар анықталғанын хабарлайды:
1) Табиғи зілзаланың салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне зиян келтірілген кезде - жан басына шаққандағы орташа табысты есептемегенде 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде бір мезгілде.
2) Өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда - 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде кірісті есепке алмай, бір мезгілде.
3) Әлеуметтік мәні бар ауру болған жағдайда (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.09.2020 № ҚР ДСМ - 108/2020 бұйрығына сәйкес) - жылына бір рет, табысты есептемегенде, 7 АЕК мөлшерінде.
4) Амбулаториялық емдеу кезеңінде туберкулезбен ауыратын адамдарға - ай сайын, табысын есептемегенде 7 АЕК мөлшерінде.
5) Диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған 18 жасқа дейінгі балаларға (ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне) - ай сайын, табысын есептемегенде 7 АЕК мөлшерінде.
6) Өткен тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда - бір рет, 7 АЕК мөлшерінде.
7) Жетім қалған немесе ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жағдайда - бір мезгілде, табысын есептемегенде 7 АЕК мөлшерінде.
8) Егде жасқа байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі кезінде - бір мезгілде, табысын есепке алмай, 7 АЕК мөлшерінде.
9) Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға немесе пробация қызметінің есебінде тұрғандарға - бір мезгілде, табысы есепке алынбай, 7 АЕК мөлшерінде.
Әлеуметтік көмектің мөлшері мен қажеттілігін арнайы комиссия айқындайды. Комиссияның шешімі тиісті қорытындымен ресімделеді.
Толығырақ ақпарат алу және құжаттарды тапсыру бойынша кеңес алу үшін Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі, 25, тел: 2-14-47 мекенжайы бойынша Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуға болады.