Ауданда дене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі міндеттердің бірі - бұқаралық спорт түрлерін дамыту.
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚРЗ Заңын орындау барысында аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында жыл сайын аудандық деңгейде жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуге және бұқаралық және ұлттық спорт түрлерінен облыстық жарыстарға қатысуға қаражат көзделеді.
Бұқаралық спорт түрлерін дамыту үшін ауданда 97 спорт ғимараты бар, оның ішінде білім беру мекемелерінде 51.
Халықтың қалың жігі үшін спорт ғимараттарының қолжетімділігі қамтамасыз етілген. Жергілікті жерлердегі спорт нысандарының жұмысын бақылау ауылдық және кенттік округтердің әкімдеріне жүктелген. Әкімдердің өкімдерімен спорт нұсқаушыларының міндеттері ауылдық округтердің мамандарына жүктелді.
Дене шынықтыру мұғалімдеріне жалпы білім беретін мектептер жанындағы спорт нысандары және спорт түрлері бойынша секциялық жұмыстар бекітілген. Бірінші басшылар спортпен шұғылданушылардың жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір спорт нысаны үшін жұмыс және жарыстар өткізу кестесін әзірлеп, бекітті.