GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
27 мая 2025
Таза Қазақстан
Білім
27 мая 2025
Соңғы қоңырау

23 мамырда Бақы ауылдық округінің мектептерінде «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шаралары өтті.

04 марта 2025
«Коростелевское» совхозының құрылуына 70 жыл толуын тойлау

2025 жылғы 27 ақпанда Коростели орта мектебінде «Коростелевское» совхозының құрылуының 70 жылдығына арналған іс-шара өтті. Іс-шараға «Коростелевское» совхозының ардагерлері мен ауылдық округтің тұрғындары, Коростели орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Концерттік бағдарлама басталар алдында қонақтар мектептің фойесінде орналасқан шығармашылық көрмесін және Даңқ мұражайын тамашалады.

04 марта 2025
Ерікті зейнетақы жарналары – зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді тәсілі

Елімізде жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберінде жарналардың келесі түрлері жүзеге асырылады: міндетті (жұмыс берушінің жұмыскердің жалақысынан ай сайын аударатын 10%), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (жұмыс берушінің өз бюджеті есебінен төлейтін зиянды және қауіпті кәсіптерде еңбек ететін жұмыскерлер кірістерінің 5%), сондай-ақ, 2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ). Жарнаның бұл түрі 1975 жылы және одан кейін туған барлық жұмысшылар үшін (2024 жылы 1,5%-дан басталып, 2028 жылы 5%-ға дейін біртіндеп көтеріледі, ал 2025 жылы - 2,5%) төленеді. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ). Жеке тұлғалар өздері және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар –  қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына қаражат аудара алады. Бұл жарналардың осы түріне тән артықшылықтардың бірі ғана.

 

           Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер арқылы, сондай-ақ, жұмыс берушіге өтініш беру жолымен аударуға болады. Жұмыс беруші ерікті зейнетақы жарнасын БЖЗҚ-ға сол өтініштің негізінде мәлімделген тұлғаның пайдасына аударады. ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін БЖЗҚ-ның зейнетақы ережелеріне сәйкес алушы дербес айқындайды.

 

            Шарт жасасу және ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ, зейнетақы жарналарының басқа түрлері сияқты ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ автоматты түрде ашылады. ЕЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын өтінішсіз ашу тәртібі мынадай негізде жүзеге асырылады:

 

      - БЖЗҚ-ға агенттер ЕЗЖ аудару кезінде ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері;

 

      - БЖЗҚ ға жеке тұлғадан өз пайдасына немесе ЕЗЖ аудару кезінде үшінші тұлғаның пайдасына түскен бастапқы жарнаның үлесі.

 

Пайдасына зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ аударған кездегі төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректердің (ТАӘ, ЖСН, туған күні) көмегімен жүзеге асырылады. БЖЗҚ азаматтың жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжатының деректемелері, тұрғылықты тұратын жері және өзге де барлық қажетті мәліметтерді мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

 

Қазақстанда ерікті зейнетақы жарналары салықтық артықшылықтарға ие. Мысалы, жұмыс берушінің өз қызметкерінің пайдасына аударған ЕЗЖ жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды. Жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеруге жатады. Яғни, бұл жағдайда жұмыс беруші салық салу кезінде жеңілдіктер алады.

 

Ерікті зейнетақы жарналары да, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. Десек те, салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аударуға құқылы. Олар кірістілік пен тәуекелдің түрлі деңгейлеріне ие сан алуан инвестициялық стратегияларды ұсынады. Егер ИПБ-ға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50% дейінгі мөлшерін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын толық көлемде сеніп тапсыруға болады. Зейнетақы жинағының бір бөлігін ИПБ-ға аудару салымшының өтініші бойынша жүргізіледі. Оны Қор сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның кез келген филиалында электрондық форматта беруге болады. Инвестициялау нәтижелері бойынша басқарушы компанияны өзгертуге болады, бірақ мұндай мүмкіндік жылына бір рет қана беріледі. Осылайша, зейнетақы активтерін басқаруға қатысу - ЕЗЖ-нің тағы бір артықшылығы.

 

ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толғанға дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға да ЕЗЖ есебінен төлем алу құқығы беріледі.

 

БЖЗҚ-ға ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен төлемдер алу туралы өтінішті enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте онлайн-форматта, сондай-ақ, Қордың кез келген бөлімшесінде беруге болады.

 

Жарналардың барлық түрлері есебінен зейнетақы жинақтарының сомасын enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте 24/7 режимінде қадағалап отыру да өте оңай.

 

Атап кету керек, зейнетақы жинақтары, оның ішінде ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Нақтырақ айтқанда, зейнетақы жинақтарын мұраға беру өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған жағдайда немесе бүкіл мұраның тағдырын анықтай алмаған кезде, сондай-ақ, басқа жағдайларда заң бойынша мұрагерлік күшіне енеді.

 

БЖЗҚ сайтында Қорға беру тәсіліне қарай төлемдерді алуға қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. Қордың "Төлемге құжаттарды алдын ала тексеру" электрондық қызметін пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеруге болады.

 

БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

 

Салымшының ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) аудару туралы дер кезінде қабылдаған шешімі зейнетақы капиталын едәуір толықтыруға және болашақта жоғары мөлшердегі төлемдер алуға көмектесетінін еске саламыз.

 

           Мәлімет үшін: 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтар шамамен 7,94 млрд теңгеге жетті. Бір жыл ішінде өсім 50,3% көрсетті. Бұл жарналардың барлық түрлері бойынша жинақтардың көбею қарқыны жағынан ең жоғарғы көрсеткіш. ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ саны бір жылда 10,7% өсіп, 439 582 бірлік болды.

 

           БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, БЖЗҚ- ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан алуға болады.  

 

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

04 марта 2025
Облыс әкімі жасөспірімдер арасындағы кикілжіңге байланысты жиын өткізді

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы мектеп оқушылары арасындағы кикілжіңге байланысты жиын өткізді. Жиынға прокуратура, полиция департаменті, Білім басқармасы басшылары және бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қатысты.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен жанжалға қатысқан төрт оқушыны арнайы мектепке жіберу ұсынылды. Сонымен қатар бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін олардың ата-аналарын ата-ана құқығынан айыру туралы талап-арыз берілді. Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша оқушылардың заңды өкілдері жауапқа тартылды. Жәбірленушіге облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары көмек көрсетіп жатыр.

Абай облысының Білім басқармасы жанынан арнайы мониторингтік топ құрылды. Қазіргі уақытта басқарма тарапынан қызметтік тексеріс жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша мектеп басшылығының тәрбие және бақылау жұмысындағы жауапкершілігі қаралады.

Облыс әкімі жиын барысында мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін алдын алу жұмысын күшейтуді тапсырды.

«Облыстағы барлық мектеп қатаң бақылауда болуы тиіс. Білім басқармасы құқық қорғау органдарымен бірге оқушылармен және олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажет. Өңірдегі мектептердің қауіп-қатер картасы жасалып, осындай жағдайлар кезінде жедел әрі үйлесімді әрекет етуге арналған нақты іс-шаралар алгоритмі дайын болуы керек», – деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар облыс әкімі оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіп, жауапты тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

04 марта 2025
Делдалдық қызмет туралы жалған хабарламаға сенбеңіз!

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында азаматтардың кез келген санаты үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын бөлігін алу бойынша төмен пайызбен делдалдық қызметтер көрсету туралы ұсыныстар таратылуда. Сондай-ақ, "делдалдар" БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың логотиптерін пайдалана отырып, зейнетақы жинақтарын алу бойынша жақын арада өзгерістер күтілетіні туралы хабарлайды. БЖЗҚ мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын тағы да қатаң түрде ескертеді.   

           Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген жағдайларда ғана алуға болатынын ескертеміз. Ең алдымен, ол - зейнет жасы, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топ мүгедектігінің белгіленуі, ҚР аумағынан тыс ТТЖ кету, мұрагерлік. Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және/немесе емделу ақысын төлеу мақсатына заңмен бекітілген талаптарды орындаған жағдайда, мына санаттағы азаматтар құқылы:     ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинағы бар салымшылар (ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын сома мөлшерінде);

зейнетақысы жоғалтқан табысының (бұрын алынған жалақысының) кемінде 40% құрайтын зейнеткерлер – олар шотта қалған жинағының 50% дейін пайдалана алады;

еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер (жинағының 100% дейін);

зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылар (жинағының 100% дейін).

 Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге немесе емделуге мақсатты пайдалану тек уәкілетті операторлар – екінші деңгейдегі банктер арқылы ғана мүмкін. Тиісінше, делдалдық қызметтер қажет емес. Бұл ретте БЖЗҚ ешқандай ақы алмайды.

Күмәнді әрекетке қатысуға келісе отырып, сіз ақшаңызды жоғалту қауіпін тудырып қана қоймай, болашақта басқа алаяқтық әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін жеке деректеріңіздің сақталуына да қауіп төндіресіз.

БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына мұндай ұсыныстарды елемеуге, тек ресми көздерден ақпарат алуға және құқықтық тұрғыдан қорғалған салада ғана әрекет етуге қатаң кеңес береді.

Барлық сауалдарыңызға жауап алып, өз зейнетақы жинағыңызды мақсатты пайдалану мен аударуға қатысты ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да:

enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,

байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу жолымен көпарналы тегін байланыс немесе +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы,

БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы да  тексере аласыз.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

19 октября 2024
Абай облысында 2500-ден астам тұрғын биыл некеге тұрған

Абай облысында 2500-ден астам тұрғын биыл некеге тұрған

Үйлену тойы – әр адамның өміріндегі маңызды әрі жауапты қадам. Некеге тұрудың алғашқы кезеңі – өтініш беру және неке қию туралы куәлік алу. Жыл басынан бері Абай облысында 2730 жұп некеге тұрған, ал ажырасуға 448 отбасы өтініш берген.

Некені тіркеу үшін болашақ жас жұбайлар АХАТ бөлімдеріне (РАГС) ХҚКО арқылы өтініш беруі қажет. Сонымен қатар өтінішті электрондық үкімет порталы – egov.kz арқылы да жіберуге болады.

Өтініш берген кезде келесі құжаттарды ұсыну қажет:

- Жеке басын куәландыратын құжаттар;

- Егер некелесу екінші рет болса, алдыңғы некенің бұзылғаны туралы куәлік;

- Балалары бар болса, балалардың туу туралы куәліктері;

- Мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек (2024 жылы баж мөлшері 3 864 теңгені құрайды, төлем кез келген банктің кассасында жүргізіледі).

АХАТ қызметкері сіздің өтінішіңіз бен құжаттарыңызды қабылдаған соң, неке қию рәсімінің күні белгіленеді. Бұл күн өтініш бергеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап он бесінші күнге сай келеді.

Белгіленген күні АХАТ бөліміне барып, неке қию туралы куәлікті алу қажет. Сол күннен бастап сіз ресми түрде ерлі-зайыпты болып саналасыз, ал сіздің некеңіз заңды түрде тіркелген болып есептеледі.

Айта кетсек, Семей қаласындағы АХАТ бөлімі Найманбаев көшесі, 139-үйде орналасқан.

14 марта 2024
Абай облысында алимент төлеуге міндеттелген борышкерлермен қарқынды жұмыс жалғасуда

Облыс аумағында проблемалық алимент саны өткен жылмен салыстырғанда 126-ға азайған. Сондай-ақ, соңғы уақытта қарыз сомасы да азая түскені байқалуда. Өңіріміздің әділет және полиция департаменттері ұжымдасып, қарыздарды өндіріп алу ісінде оң нәтижелерге қол жеткізді. Өткен жылы 530 млн теңгеден астам қаражат өндірілген болса, ағымдағы жылы – 300 млн теңгені құраған.

Бұл туралы ӨКҚ алаңында «Абай облысының Әділет департаменті» басшысының орынбасары Бейсембек Әл-Сейіт мәлімдеді.

- Алимент бойынша заң негізінде 12 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. ҚР ҚК 139-бабы бойынша 2 қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды. Олардың бірі қос тараптың татуласуына байланысты тоқтатылса, екінші іс қазір қаралу үстінде. Сонымен қатар, 443 борышкердің елден шығуына шектеу қойылып, 13 борышкердің мүлкі тәркіленген және 4 іс бойынша мүлікті бағалау және сату шаралары қабылданған, - деп атап өтті Бейсембек Әл-Сейіт.

Спикердің айтуынша, алименттік борышкерлерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 12 азамат жұмысқа орналасқан.

- Біздің ведомство Полиция департаментімен бірлесіп, "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізеді. Аталған іс-шара барысында біз ұзақ уақыт бойы алимент төлемеген азаматтардан айыппұлдарды уақытылы өндіріп алу қағидатын қамтамасыз етеміз. Нәтижесінде 4,2 млн теңге сомасында берешек өндіріп алынды. Борышкер 2018 жылдан бастап алимент төлеуден қасақана жалтарған. Сот орындаушысы істі қолға алғаннан кейін қарыз бірден өтелді, - деп толықтырды спикер.

Абай облысының жеке сот орындаушылары өңіріміздің Әділет департаментімен бірлесіп, борышкерлерді кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатындығы туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы