«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрықтарына сәйкес «Абай облысы Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2024 жылдың екінші жартыжылдығына және 2025 жылдың бес айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
«Абай облысы Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ штат бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілер саны 2025 жылдың 1 маусымға- 3 бірлік.
Жеке мүдделер олардың өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылықтар жоқ.
«Абай облысы Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2024 жылдың екінші жартыжылдығында 23 сатып алуды жүзеге асырды, оның ішінде: бір көзден алу тәсілімен өткізілмеген сатып алулар бойынша – 7, бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу – 8, баға ұсыныстарын сұрау – 8 .
«Абай облысы Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2025 жылдың бес айында 26 сатып алуды жүзеге асырды, оның ішінде: бір көзден сатып алу тәсілімен өткізілмеген сатып алулар бойынша – 8, бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу – 14, баға ұсыныстарын сұрату – 4.
«Абай облысы Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ, бақылау функциялары – көзделмеген.
2024 жылдың екінші жартыжылдығында 7 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2025 жылдың 5 айында 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолжетімділігі қамтамасыз етілген, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
Ғимаратта өтінішті рәсімдеуге арналған үстел бар, стендтерде мемлекеттік қызмет қөрсету ережелері орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мамандар әдеп нормаларын сақтау нормаларымен танысты, аудандық әкімдікте мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өткізілетін барлық семинарлар мен құқықтық, оқуларға қатысады.
2024 жылдың екінші жартыжылдығында жеке тұлғалардан 3 өтініш, 2 анықтама және 1 қайта бағыттау өтініші түсті; 2025 жылдың алғашқы бес айында өтініштер түскен жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік қызмет туралы заңнама, қызметтік әдеп және мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының бұзылуына, сондай-ақ мемлекеттік органға, мемлекеттік қызметшілерге және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген өзге де адамдарға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда теріс жарияланымдарға шағымдар жоқ.
«Абай облысы Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін бағалау: жұмыс тобы сыбайлас жемқорлықтың көріну фактілері жоқ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапқа тартылған фактілер жоқ екенін анықтады.
Мемлекеттік қызметтегі адамдар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік және еңбек тәртібін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) талаптарын сақтайды.
«Абай облысы Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілер тарапынан жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын бұзу және заңды мүдделеріне зиян келтіру жоқ. Мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жазаға тартылған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бойынша ұсынымдар:
- мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы түсіндіру бойынша семинарлар өткізу;
- құқықтық хабардарлық пен мәдениет деңгейін одан әрі арттыру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық санасын дамыту мақсатында жалпыға бірдей құқықтық оқыту жұмысын жалғастыру;
- мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сапалы жүргізу мақсатында мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу тетігіне, оның үздіксіз жұмыс істеуін жақсарту бөлігінде жүйелі түрде назар аудару қажет.