Меню

Страницы

Статья

ZHAS PROJECT

Абай облысында ZHAS PROJECT жобасы басталды

Абай облысында жастар үшін шағын гранттар конкурсы – «ZHAS PROJECT» жобасы басталды. Өңірге 8 грант бөлінген. Өтінімдерді қабылдау 25 наурызда басталып, бір айға созылады. Бұл туралы конкурсты ұйымдастырушылар мен «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ерсінбек Өрлеубек хабарлады.

- 19 ақпаннан 24 наурызға дейін ынталы қатысушылар үшін ақпараттық науқан өткізіледі. Ал 25 наурызда өтінімдерді қабылдау басталады. «ZHAS PROJECT» жобасы жастар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға бағытталған. Жобаға шалғай ауылдардағы халықтың әлеуметтік осал топтары мен жастарға артықшылық бере отырып, 18-35 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады. Үздік әлеуметтік жобаларды конкурстық комиссия таңдайды. Алғашқы қадам, өтініш беру – идеяны анықтау, сайтта сауалнама толтыру www.zhasproject.com, құжаттарды тіркеп, бюджет құрып, шағын гранттар конкурсына қатысуға өтінім бересіз, – деп нақтылады Zhas Project жобасының үйлестірушісі Эльзира Жүнісова.

Конкурс талаптарына сәйкес үміткерлер аймақта тұратын жұмыссыз жастар болуы керек. Жоба жеңімпаздары 1 миллион теңгеге дейін қаражатқа және тәлімгерлердің қолдауына ие болады. Жастарға жобаларын іске асыруға төрт ай беріледі.

Спикерлердің айтуынша, шағын гранттарды іске асыру барысында жастарға ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау көрсетілетін болады. Сондай-ақ білікті жаттықтырушылар, тәлімгерлер және әлеуметтік жобаларды дамыту жөніндегі мамандар шақырылады.

Дата публикации
10 февраля 2025
Дата обновления
10 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Сөз сөйлеу
10 декабря 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Талдамалық мақала
10 декабря 2025
«Абай облысы Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет хабарлайды
10 декабря 2025
Гонконг тұмауы: неліктен дәрігерге баруды кейінге қалдыруға болмайды-деп түсіндіреді ғалым

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы